Маңғыстаулық кәсіпкерлер жеті баланың анасына үй салып берді
Жарияланған күні:
Маңғыстау облысында жеті баланың анасы ойламаған жерден баспаналы болды. Ақтаулық кәсіпкерлер көпбалалы анаға үй сыйлаған деп жазады inaktau.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
41 жастағы Людмила Смағұлова енді жеті баласымен екі бөлмелі үйде тұратын болды.
Көпбалалы ана 2006 жылы Атырау облысындағы елді мекеннен Маңғыстау облысына қоныс аударған. Ол анасының қазасынан кейін жеті баласымен бір өзі ғана қалды. Күйеуімен келіншек ажырасып кеткен. Бірақ, бұрынғы ерлі-зайыптылар жылы қарым-қатынас сақтап қала алған.
Людмиланың айтуынша, бұрынғы жұбайы көпбалалы отбасына қолынан келгенше көмектесіп жүр. Алайда, ол өкінішке орай жеті баланы асырауға жеткіліксіз болған. Әйел адамның өзі бала тәрбиесінде болғандықтан, әзірге жұмыс істей алмайды. Көпбалалы ананың тұнғышы 22 жастағы ұлы оның бір жағына шығып, отбасының қамқоршысына айналған.
"Үлкен ұлым жұмысқа тұрды. Қолынан келгенше көмектесіп жатыр. Бізді барынша қамтамасыз етуге талпынып жүр. Өзім болса үнемі жұмыста болдым. Бірақ кішкентайлардың дүниеге келгеніне орай, әзірге қол-аяғым бала тәрбиесімен байлаулы" , - дейді Смағұлова.
Маңғыстауда көпбалалы отбасы уақытша баспанада тұрып жатты. Жақсы үй алу алатындай олардың жағдайы болмады. Алайда, қиын жағдайға тап болған жанұяға қайырымдылық қоры мен жанашыр жандар азық-түлік, киім-кешек сынды заттармен көмектескен.
"Біз біргеміз" қайырымдылық қорының директоры Иманғазы Досмұхамедовтың мәлімдеуінше, Людмиланың жағдайы жөнінде хабардар болған кәсіпкерлер көпбалалы отбасына жаңа жылдық сыйлық ретінде үй салып бермек болған.
"Екі бөлмелі үй Батыр ауылында орналасқан. Мұнда жабдықталған ас бөлмесі, электр қуаты мен жылу кіргізілді. Біз Людмилаға бұл сый туралы айтқанымызда ол біразға дейін сене алмай жүрді" , - деді қор директоры.
Қазіргі таңда, аталмыш қайырымдылық қоры мен еріктілер келіншекке жөндеу жұмыстарымен көмектесіп жатыр. Жақын арада көпбалалы жанұя өзінің алғашқы қонақтары - үй сыйлаған кәсіпкерлерді күтпек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772626-magystaulyk-ksipkerler-zeti-balany-anasyna-j-salyp-berdi/