Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көк түтіннен көз ашпадық: Астана тағы да қою түтіннің астында қалды (фото)

Опубликовано:

Астанада жел саябырсып, күн ашыла қалса болғаны қала тұтасымен қою түтіннің құрсауында қалады. Бас шаһарды кешелі бері тағы да көк түтін басып қалды деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Қара түтін әсіресе от көп жағатын жер үйлері бар ықшам аудандарда басып қалады. Бүгін де таңнан бастап қою түтін сейілмей, қала тұрғындарын әуреге түсірді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook
"Жұмысқа осылай түтіннің иісімен бұрқырап барамыз. "Юго-восток" жақта тұрамыз. Жел жоқ, тынық күндері үйдің терезесін ашу мүмкін емес. Ыстың иісі сырт киімімізге сіңіп қалған, әбден тұншығатын болдық. Тездетіп газ тартылса екен деп отырмыз", - дейді қала тұрғындарының бірі.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Айта кетерлігі, бұған дейін де қала бірнеше мәрте көк түтіннің құрсауында қалған еді. Қала билігі алдағы жылдары бас қала толығымен газбен қмтамасыз етіледі деп сендіріп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776596-kk-ttinnen-kz-aspadyk-astana-tagy-da-kou-ttinni-astynda-kaldy-foto/

pixel