Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жантүршігерлік қаза: Шенеуніктер астаналық жанұяның жағдайынан хабарсыз болған

Опубликовано:

Жантүршіктірер өрт кезінде қайтыс болған бес қыздың отбасы қиын жағдайла өмір сүрген, бірақ шенеуніктер бұл туралы білмеген деп жазады КТК арнасы.

Астанада 5 баланың өлімі: Шенділер отбасының қиын жағдайда турғанынан хабарсыз болған
Фото: NUR.KZ: Twitter

Көпбалалы отбасы пенопластпен қапталған ағаш үйде тұрған. Өрт бірнеше минуттың ішінде үйден түк қалдырмаған. Өрт басталғанда үйдің ішінде бес қыз бала бейқам ұйықтап жатқан. Үлкені 12 жаста болса, кішісінің туылғанына бірнеше ай ғана болған.

Көршілер түн ортасында түтін иісін сезгендерін айтады. Сыртқа шыққанда өртке орынған үйді көрген. Біреулер үй тұрғындарын құтқаруға жүгірсе, енді бірі өрт сөндірушілерге хабарласқан.

Туысқандарының сөзінше, балалар үйде жиі жалғыз қалатын болған. Әкелері үйдің маңындағы ТЖО істесе, аналары кейде түнде қосымша жұмысқа шығып отырған. Сол қаралы түні ол ауысымға шыққан екен.

"Қысылған кезде бәріне де дайынсың ғой. Құдайға аманаттаған. Бес баланы асырау керек қой. Әсіресе, отағасы табыс таппаса...",- деді көршілердің бірі.

Шенеуніктер отбасының қиындықтары туралы білмегені анықталды. Тек құтқарушылар жәбірленушілерге өрт қауіпсіздігі сақталмағанын бірнеше мәрте ескерткен.

Әкімшілікте отбасының үйге кезекке тұрмағанын, көмек сұрамағанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, төртінші ақпанда Астанадағы аудандардың бірінде кенеттен шыққан өрттен бес бала қаза тапты. Оқиға болған сәтте олардың ата-аналары үйде болмаған.

Қала әкімі сол түні болған жағдайдың мән-жайын анықтап,тексеру жүргізуді тапсырды.

Ал Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жапа шеккен жанұяға үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғаны ескертілген.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776827-zantrsigerlik-kaza-seneunikter-astanalyk-zanany-zagdajynan-habarsyz-bolgan/

pixel