Алматыны қалың қар басты: Қалада сегіз балдық кептеліс орын алған (фото, видео)
Жарияланған күні:
Бүгін, 6 ақпан күні Алматыны қалың қар басып қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

ТЖД алматылықтарды қатты жауын-шашын туралы кеше кешке қарай ескертіп, қар туралы SMS-хабарлама таратқан. Сонымен қатар, қалада ертең, 7 ақпанда 15-20 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.

Қалада көп тратуарлар тазартылмаған, ал мұз басқан жолда автокөліктердің жүруі қиындай түскен.

Ал жаяу жүргіншілер 20 сантиметр қар түскенін, соған байланысты аяқ алып жүру мүмкін емес екенін айтып отыр.

Яндекс. Карта қызметі бойынша таңғы уақытта қарамастан, қалада сегіз балдық кептелістер орын алуда. Қазіргі уақытқа дейін кем дегенде бір жол апаты орын алған.


Синоптиктер, өз кезегінде қар түске қарай тоқтайтынын хабарлады.


Ал қала әкімдігі өз Instagram парақшаларында қаланы тазалау туралы есеп берді. Қар әлі тоқтамағандықтан, тұрғындар көше тазаланғанын байқамаған болуы мүмкін.

Шенеуніктер автоәуесқойларға қар жинау жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарап, жол жиектерінен, әсіресе түнгі уақытта тұрақта тұрған автокөлікті алып тастауға өтініш білдірді.
Жасыл экономика басқармасында атап өткендей, қар тазалау жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіретін автокөлік эвакуатормен тасымалданады.
Қарды шығаруды 7 ақпан күні кешке дейін аяқтау жоспарлануда.
Тау бөктеріндегі жерлерде қар жамылғысының биіктігі 30 сантиметрді құраған деп болжануда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777039-almatyny-kaly-kar-basty-kalada-segiz-baldyk-keptelis-oryn-algan-foto-video/