jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Шымкентте отбасын жалғыз асырап отырған 13 жастағы балаға жұрт үй алып берді (видео)

: Instagram

Шымкентте анасы мен төрт қарындасын жалғыз асырап жүрген 13 жасар Ағабек есімді балақайға қайырымды жандар үй алып берді. Сабақтан соң темір-терсек өткізіп, күніне 1500 теңге табатын жеткіншектің анасы жұмысқа жарамайды. Ал бұл отбасыны әкесі тастап кеткен. Ағабектің тағдыры көпшілікті бей-жай қалдырмай, еріктілер екі күнде оның отбасына үй алып берген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Шымкент тұрғыны тас жолдың бойынан үсті-басы балшық болған баланы көріп қалып, оның жағдайын білуге асыққан.

"Бірнеше күн бұрын Забадам жаққа кетіп бара жатыр едім, трассаның бойынан 12-13 жасар баланы көрдім. Оның үстінің бәрі лас болатын. Мен "құлап қалған шығар" немесе "такси ұстай алмай тұр" деп ойладым. Расымен жеткіншек көлік тоқтатып тұр екен. Ол шошқа шаруашылығы маңынан жинаған темір-терсегін өткізгісі келіпті. Сосын мен баламен еріп, темір қабылдайтын орынға бардым. Қолымыздағы затты 1500 теңгеге өткіздік. Балақай әлгі ақшаға азық-түлік алатынын айтты. Мен онымен еріп үйіне дейін бардым.
Ал ол аяқ киімін шешкенде, мен шошып кеттім. Себебі менің аяқ киім деп ойлағаным, жаздық тәпішке екен. Ал оның үстіне бірнеше қабат қара балшық жабысыпты. Ол осы тәпішкемен 7-8 сағат бойы жүрген. Үйде бізді төрт кішкентай қыз күтіп алды. Олардың жастары 6, 5, 4, 3 жаста. Кішкентайлардың барлығы жеңіл киініп алған. Тіпті аяқтарында шұлығы жоқ.
Анасының әңгімесінен түсінгенім, Ағабек (ред: балақайдың аты) түске дейін мектепте оқып, түстен кейін отбасын асырайды екен", - деп жазбасын аяқтады автор videogram_kaz парақшасында.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Айта кетейік, ерікті азаматтың бұл видеосы жұртты бей-жай қалдырмаған. Осы жазбаны көрген көпшілік бір күнде 5 млн теңгеге жуық ақша жинаған.

Ал күні кеше videogram_kaz парақшасында Ағабектің отбасына деп 7 млн теңге жиналғаны, жеткіншектің отбасына жер үй сатып алынғаны хабарланды. Пәтер жалдап күнелткен отбасы бүгін жаңа үйге қоныс аудармақ.

Шымкентте отбасын жалғыз асырап отырған 13 жастағы балаға жұрт үй алып берді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.