Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларды қыра береміз бе": Ақтөбеде ашынған аналар әкімдікке келді (видео)

Опубликовано:

Бүгін ақтөбелік көпбалалы аналар жанайқайын айтып, тағы да әкімдікке келді. Баспана мен жәрдемақы мәселесін көтерген аналар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрінің қызметтен кетуін талап етті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

"Балаларды қыра береміз бе": Ақтөбеде ашынған аналар әкімдікке келді
Фото: NUR.KZ: UGC
"Менің де бес балам бар. Мен де кешкілік баламды тастап кетіп, жұмыс істеймін.

Байлардың ыдысын жуып ақша тауып отырмын. Бізге күніге байлар мазақ қылып, 1500 теңге береді. Сол ақшаға балаларымызға тамақ алып отырмыз.

Жаман айтпай, жақсы жоқ. Мен де түнде балаларымды қамап кетемін. Кешегідей жағдай тағы қайталанса кім жауап береді?! Баяғы әке-шешесі кінәлі болып қалады.

Күнкөріспен шапқылап балаларды қыра береміз бе? Баларымның алды 10 жаста, арты 3 жасқа толады", - дейді Жанымгүл Бижанова.
"Балаларды қыра береміз бе": Ақтөбеде ашынған аналар әкімдікке келді
Фото: NUR.KZ: Instagram

Жанайқайын айтқан аналарды қала әкімінің орынбасары қабылдап жатыр. Әкімдікке жүзден аса көпбалалы аналар жиналды. Денсаулығы нашарлап, жедел жәрдем шақырып жатқандары да бар.

"Мен 11 баланың анасымын. Баспана мәселесімен жүрмін. Қуықтай үйде бір топ адам тұрып жатырмыз, Алла көп көрмесін. Мен де осы ана мен бала мәселесіне қолдау білдіруге келдім",- дейді Әсем Бекмағамбетова.
"Балаларды қыра береміз бе": Ақтөбеде ашынған аналар әкімдікке келді
Фото: NUR.KZ: UGC

Айта кетерлігі, қалалық әкімдікке аналар таңғы сағат 10-нан бастап жиналды. Үздіксіз ағылып жатқан халықтың қарасы көп.

"Көп балалы аналарға 16 мың теңге көп ақша деп айтқан министр Әбілқасымова  қызметінен кетсін. Орнына өмір көрген, 3-4 баланы өмірге әкелген адам келсін.

Кәмелеттік жасқа толғанға дейін әрбір балаға мемлекет жәрдемақы берсін. Жәрдемақы берерде несие алатындай қылып, барлық кірісті сұрайды. Ал мектепке ақша жинаған кезде сенің жағдайың сұралмайды.

Қоғамдық көліктерде оқушылар, көпбалалы отбасынан шыққан студенттер тегін жүрсін. Біз ана мен баланың тегін емдеуіне жағдай жасауды талап етеміз", - дейді аналар.

Әкімдікке келген аналардың  кейбірі "бос уәде" деп көңілдері толмай тарап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777596-balalardy-kyra-beremiz-be-aktbede-asyngan-analar-kimdikke-keldi-video/

pixel