Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада бес баласын жоғалтқан ана желіде еске түсіретін видео жарияламауды сұрады

Опубликовано:

Астанада өрт кезінде бір күнде бес баласынан айырылған ана қайғысына ортақтасқан барлық жандарға алғысын білдіріп, әлеуметтік желілерде бұл туралы еске түсіретін видео жарияламауды өтініп отыр деп хабарлайды Отырар арнасы.

Көрнекі фото: Homsk.com
Көрнекі фото: Homsk.com: Depositphotos

Таралған суреттердің ішінде аман сау жүрген басқа балалар да бар көрінеді.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар комитеті бес қыздың өмірін қиған өрттің шығу себебі атаған еді.

Еске сала кетсек, күлі елдің қабырғасын қайыстырған оқиға 4 ақпан күні түнде Астананың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында болған еді.

Көпбалалы отбасы тұрған "времянкадан" өрт шығып, салдарынан 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес бала көз жұмған еді. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмаған сәби болған.

Марқұм қыз балаларды қалың ел 5-ші қаңтарда ақтық сапарға шығарып салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778015-astanada-bes-balasyn-zogaltkan-ana-zelide-eske-tsiretin-video-zarialamaudy-srady/

pixel