Алматы халқы аты аңызға айналған "Қара майормен" қоштасып жатыр (фото)
Жарияланған күні:
Ауған соғысының ардагері, Қазақстан Қарулы күштерінің аңыз адамы, отставкадағы полковник Борис Керімбаевты халық Алматыда ақтық сапарға шығарып салды. "Қара майормен" көпшілік әскерилер үйінде қоштасуда деп хабарлайды NUR.KZ.
Борис Керімбаевты ақтық сапарға барлық әскери құрметпен шығаруда.
Әскерилер үйінен "Қара майорды" гүл шоқтары және медальдармен алып шыққан.
Айта кетейік, Борис Керімбаевтың дүниеден озғаны туралы 12 ақпанда белгілі болды. Ол 8:50-де өмірден өткен.
Естеріңізге сала кетейік, Борис Керімбаев өзінің "Қара майор" лақап атын екінші мұсылман батальонының командирі болып жүргенде алған.
1982 жылдың мамырында Борис Керімбаевтың әскері Ахмед Шах Масудтың әскерлері санының басымдылығына қарамастан Панджшерский шатқалын басып алады.
Борис Керімбаев өзінің әскери айла-тәсілінің үздіктігімен командирлер арасында көш бастаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778556-almaty-halky-aty-ayzga-ajnalgan-kara-majormen-kostasyp-zatyr-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.