Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

53 жастағы ақтөбелік әйел жас қыздарға қарамайтын жар іздеуде

Опубликовано:

Ақтөбеде әлеуметтік желі арқылы хабарландыру таратқан 53 жастағы келіншек өмірлік жар болатын серік іздейді. Оның ержетіп кеткен екі баласы бар. Жолдасы үш жыл бұрын қайтыс болған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото:firestock.ru
Фото:firestock.ru: Instagram

Бойы 165 см болатын әйел медицина саласында қызмет атқарады екен.

"Бұл хабарландыруды желіге салған қызым еді. 27 жастағы қызым тұрмыста. Ұлым 33 жаста. Бөлек тұрады. Балаларым "қасыңызға жақсы адам болса" деп іздеп жатқан түрі. Өзім де әйелі қайтқан, жақсы бір адам болса қарсы емеспін.
Хабарландыру арқылы 40 жастағы жігіттер хабарласып жатыр. Оларға бірден келіспейтінімді айттым. 55-60 жастағы азаматтармен азаматтық некеге тұруға да дайынмын. Шыны керек, бірге отырып шай ішетін адам керек. Жалғыздық қиын",- дейді атын атамауды сұраған кейіпкеріміз.

Ашық әлеуметтік желіге телефонын қалдырған келіншек жас жігіттердің жиі хабарласатынын да жасырмады.

"Екі бөлмелі үйім бар. Жақын сіңіліммен бірге тұрып жатырмын. Себебі жалғыз тұрудың өзі қорқынышты. Мейірбике болып жұмыс істеймін. Қасыма серік болатын адамға қояр азғантай талаптарым бар. Өзім ұзын болған соң, қасында еріп жүретін адамның ұзын, денелі болғанын қалаймын.
Дұрыс адаммен тұрғым келеді. Жақсы адамдар болса, өкінбейді. Хабарлассын. Маған байлығы асқан емес, адамгершілігі мол адам керек. Мүмкін байлық та артық етпес. Салмақты адам болса деймін. Жас қыздарға қарайтындар керек емес. Әйелі қайтып, жалғызсырап отырған адам болса, қолыма кіргізіп алар едім. Ең бастысы арақ ішпесе болды. Темекі тартқаны ештеңе етпейді", - деді келіншек.

Сондай-ақ 53 жастағы әйел өзі жайлы да айта кетті.

"Біз бұрынғының адамдарымыз. Айтқан сөзімде тұра аламын. Өзімді мақтағаным ыңғайсыз болар, бірақ адал доспын. Медицина саласында 31 жылдан аса қызмет етіп келемін. Тазалықты жақсы көремін. Спортпен айналысамын", - дейді келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779062-53-zastagy-aktbelik-jel-zas-kyzdarga-karamajtyn-zar-izdeude/

pixel