RU

"Ұл тумадың": Шымкентте жеті қызды дүниеге әкелген әйелді күйеуі тастап кеткен (видео)

7 қызды дүниеге әкелген шымкенттік көпбалалы ананы өзімен 9 жыл отасқан жары «ұл тумадың» деп теріс айналып, отбасын тастап кеткен. Бұл туралы алтын құрсақты келіншек Еуразия бірінші арнасындағы «Кеш қалмайық» бағдарламасында айтып берді.

Шымкентте жеті қызды дүниеге әкелген әйелді күйеуі "ұл тумадың" деп тастап кеткен
Скриншот: Бірінші арна "Кеш қалмайық" бағдарламасы: Instagram

Өзінің анасы перзентханада босану үстінде қайтыс болып, әкесінен 8 жасында жетім қалған Әлия әркімнің босағасын паналап өскен.

Жетімдіктің, жалғыздықтың зардабын көп көрген келіншек өз алдына отбасын құрғанда "көп баланы дүниеге әкелем" деп мақсат қойыпты.

Алланың жазуымен 7 қызды дүниеге әкелген алтын құрсақты ана жарынан алғыс естімей, керісінше "ұл тумадың" деген жазғыруына ұшырайды. Тіпті енесі де төртінші қыздан кейін «енді тума» деп ақыл айтқан.

Тағдырдан теперіш көрген Әлия бұл күнде әлдекімдердің бөлмесін жалдап, 7 қызымен өмір сүруде.

Заң жүзінде ажыраспаған күйеуі алимент те төлемейді екен. Ол аздай, көмек сұрап хабарласқанда тек өзінің қалаған уақытында соғып кететін көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779387-l-tumady-symkentte-zeti-kyzdy-dniege-kelgen-jeldi-kjeui-tastap-ketken-video/