Қостанайда жақын досымен бірге жоғалып кеткен кәсіпкер қыз табылды
Жарияланған күні:
Қостанайда жоғалып кеткен кәсіпкер қыз Алматыдан аман-есен табылды. Анасының айтуынша 22 жастағы Мадина Байзақова үйге өзі келген деп хабарлайды NUR.KZ.
"Қызымға қазір психологиялық көмек көрсетіп жатырмыз, оны полиция таппаған, үйге өзі келді, бірақ қатты қорқып қалған, оның себебін айта алмаймын", - деді өзін Айгүл деп таныстырған Мадинаның анасы.
1996 жылғы кәсіпкер қыз Қостанайдан жақын жігіт досымен бірген кетіп қалған. Баласын бір айға жуық іздеп алаңдаған ата-ана NUR.KZ тілшісіне қыз бен жігіттің Астана арқылы Алматыға кетіп қалған айтып берді. Оларды алдымен жігіттің анасы тауып, алып келген.
Айта кетейік, бұған дейін 22 жастағы кәсіпкер қыздың жиырма күннен бері табылмай жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779925-kostanajda-zakyn-dosymen-birge-zogalyp-ketken-ksipker-kyz-tabyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.