Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-тың барлық қалаларында болған ақтөбелік жігіт туралы не білеміз? (фото)

Опубликовано:

Ақтөбелік Джалиль Маратұлы алыстағы Америкаға аттанып, сол жақта қызмет етіп жүрген қазақ жастарының бірі. Ол сонда тұрып жатқан бес жыл уақыт ішінде АҚШ-тың барлық қалаларын аралап үлгерген деп жазады NUR.KZ.

Фото: Джалиль Маратұлының жеке мұрағатынан
Фото: Джалиль Маратұлының жеке мұрағатынан: Depositphotos

Жас маман Ақтөбенің Жұбанов атындағы университетін мұнай және газ инженер технологы мамандығы бойынша тәмамдаған. АҚШ-қа осыдан бес жыл бұрын аттанған ол, бүгінде логистика саласында қызмет етіп жатқан көрінеді.

"Жыл сайын АҚШ дүниежүзі бойынша елу мың адамға сонда тұруға мүмкіндік беретін лотерея ойнататын көпшілік біледі. Біз сол лотереяны ұтып алып, АҚШ-қа осыдан бес жыл бұрын келіп қалдық. Қазір логистика саласында жұмыс істеп жүрмін, жолдасым болса IT маманы.
Бастапқыда тілді жөнді білмей қатты қиналғанымыз рас. Бірақ қазір шүкір, ол қиындықтың бәрі артта қалды. Мұнда қазақ жастары өте көп. Осында он бір жыл бойы тұрып жатқан досым, бес ай бұрын келген студент досым, сондай-ақ, алты айға жұмыс істеуге келген жігіттер де бар", - деп әңгімесін бастады қазақ жігіті.
Фото: Джалиль Маратұлының жеке мұрағатынан
Фото: Джалиль Маратұлының жеке мұрағатынан: Depositphotos

Джалильдің айтуынша, америкалықтар өз елінің асқан патриоты болады екен.

"Америка халқының таң қалдыратыны – олар өз елдерінің нағыз патриоты болады. Бұл жерде патриоттық сезім жай ғана сөз емес, ол өз елін сыйлау, өз мектебін, өзі тұрған жердегі футбол клубын жақсы көру болып табылады. Логист болып жұмыс істеген соң, бүкіл АҚШ-ты араладым.
Негізі Америкада босқындар көп, сондықтан әр елдің асханасынан дәм татқызатын дәмханалар да көп. Америкалықтар тек Fast Food-пен тамақтанады деген жалған түсінік. Көптеген елдердің тағамдарынан дәм таттық, әзірге ауылдың тағамын сағынып көрмеппіз. Себебі біз тұратын жерде қазақ фермасы бар. Сол жерден жылқы еті мен қаймақ аламыз. Сол сиықты өзбек және ұйғырлардың мейрамханалары бар. Бірақ мұндағы еттің дәмі біздің елдегі етке қарағанда басқаша болады", - деп АҚШ жайлы әсерлерімен бөлісті ақтөбелік азамат.
Фото: Джалиль Маратұлының жеке мұрағатынан
Фото: Джалиль Маратұлының жеке мұрағатынан: Depositphotos

Екі баланың әкесі көп ұзамай елге қайтатынын да айтты.

"Әрине мұнда қалмаймыз, елге қайтамыз. Алдымызда түрлі жоспарлар мен мақсаттар бар. Жырақта жүрген соң, елімізге тыныштық пен бейбітшілік тілегім келеді. Бастысы басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын", - деп әңгімесін аяқтады ақтөбелік жігіт.
Фото: Джалиль Маратұлының жеке мұрағатынан
Фото: Джалиль Маратұлының жеке мұрағатынан: Depositphotos

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779984-aks-ty-barlyk-kalalarynda-bolgan-aktbelik-zigit-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel