jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Қалың малға 1 млн": Болашақ құдасының талаптарынан шаршаған отбасы жан сырын айтты

: Instagram

Құда түсіп барған қыздың туыстары қалың малға бір млн теңге сұраған бойжеткен өз сырымен бөлісті. Інісін үйлендірмек болған арудың ата-анасы болашақ құдасының талабын естіп, шалқасынан түсе жаздаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: КТК арнасы,toibastar.com.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: КТК арнасы,toibastar.com.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бойжеткеннің айтуынша, қыз беретін жақ олардан қалың малға - 1 млн, ана сүтіне - 300 мың теңге беруді талап еткен.

"Осы жазда інім үйленгелі жатыр. Болашақ келініміз оқу бітірген. Қарапайым отбасынан шыққан. Қызды сұрап барғанымызда, қалың малға бір млн теңге сұрады. Сондай-ақ ана сүтіне 300 мың теңге апаруымыз керек екен.
Онымен қоймай, "құда түсіп, бір-екі айда тойын жасап бересіңдер" депті. Құдамыздың талабы онымен бітпеген. Оның бізге қоятын талабының ішінде екі жасқа қаладан үш-төрт бөлмелі үй алып беру де бар. Сонда "Екі жас бақытты болсын", "Өнсін- өссін" деген нəрсе жоқ па қазір? Болашақ құдамыз қызының оқу оқып, жұмыс істейтінін міндет қылыпты. Менің інім де ай қарап жүрген жоқ шығар", - деп бойжеткен kizdar.syry парақшасында жан сырымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын еліміздің өңірлеріндегі қалың мал бағасы жайлы жазған болатынбыз.

Мәліметтерге сүйенсек, еліміздің оңтүстігі мен Маңғыстау өңірінің қыздары қалың мал құнынан көш бастаған.

Ал Қазақстанның солтүстік бөліктерінде бұл дәстүр атауымен жоқ.

"Қалың малға 1 млн": Болашақ құдасының талаптарынан шаршаған отбасы жан сырын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.