Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында тұтқындалған шендінің ағасы да қамауға алынды

Опубликовано:

Қарағанды облысы әкімінің экс-орынбасары Жандос Әбішевпен бірге оның бауыры кәсіпкер Елдар Әбішев те қамауға алынды. Болжам бойынша, “Ақ Сонар” ЖШС-нің жетекшісі болған шенеуніктің бауыры "әкімнің экс-орынбасарына жемқорлық жасауда көмектесті" деген күдікке ілінген. Бұл туралы "Время" газетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жандос пен Елдар Әбішевтер. Фото: time.kz
Жандос пен Елдар Әбішевтер. Фото: time.kz: Facebook

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратына сәйкес, Жандос Әбішев мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мүгедектер арбасын сатып алуға жұмсалатын қаражаттың ұрлануына қатысқан.

Арбалар техникалық сипаттамаға сәйкес келмеген және оның құжаттағы құны өте жоғары бағаланған.

"Время" газетінің ақпараты бойынша, әкімнің экс-орынбасарының бауыры "Ақ Сонар" компаниясының жетекшісі "денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралармен" айналысса, Жандос Әбішевтің өзі бұрынырақ жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқарған.

Қарағанды облыстық сотында болған газет журналистерінің айтуынша, 22 ақпан күні Елдар Әбішев те пара алды деген күдікпен қамауға алынған.

Қоғам белсендісі Нияз Сүндеталиевтің айтуынша, бұл қызметте сатып алушы екен. Ол құжат бойынша көше арбасын алу керек болған. Бірақ бұл үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне құжаттар пакетін ұсыну қажеттілігі туындаған.

Ер азаматтың сөзінше, арбалардың сапасы құжаттағы техникалық сипаттамаға сәйкес келмепті.

Еске сала кетсек, Қарағанды облысы әкімінің экс-орынбасары Жандос Әбішев екі айға қамауға алынған.

Бұл ақпаратты көшіру және пайдалану "Издательство "Время" ЖШС рұқсатымен ғана мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781802-karagandy-oblysynda-ttkyndalgan-sendini-agasy-da-kamauga-alyndy/

pixel