Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйіктісі бірнеше жігітпен жүрген көкшетаулық жігіт оңбай алданып қалған

Опубликовано:

Көкшетаулық жігіт өзінің бұрынғы сүйіктісімен қалай айырылысқанын айтып, мұңын шақты. Айтуынша, сөз байласқан қызы қатарынан бірнеше жігітпен жүріп, ақыры біреуіне тұрмысқа шыққан екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Youtube
Көрнекі фото: Youtube: Twitter

Көкшетаулық Марат есімді жігіт бір жылға жуық кездескен қызының өзіне жасаған опасыздығы жайлы баяндап берді. Жас жігіттің сөзінше бұрынғы сүйіктісі қатарынан бірнеше жігітпен кездескен екен.

"Аяулыммен қаладағы клубтардың бірінде таныстық. Бір қарағанда өзіндік сұлулығы бар, сымбатты қыз болып көрінді. Сөйтіп сол күні бірден телефон нөмерін алып, ақырындап араласа бастадық. Бір айдан астам уақыт бойы дос ретінде араласқаннан кейін, бір-бірімізге деген сезімнің барын білдік. Осылайша қыз бен жігіт ретінде бір жылға жуық кездесіп жүріппіз.

Тіпті оны үйдегі ата-анаммен таныстырамын ба деп жүргенмін. Бірақ шыны керек, "сүттен ақ, судан таза" қыз емес еді.

Клубқа барып, шарап ішіп, телефонын сөндіріп тастайтын. Кейде бір апта бойы телефонын өшіріп тастағанда, жынданып кете жаздайтынмын. Алайда сезімнен көзімнің байланғаны соншалық, оның менімен бірге бірнеше жігітпен кездесіп жүргенін тек бір жылдан соң ғана білдім. Бірде мені алдап, "үйдемін, ешқайда шықпаймын" деген болатын. Бірақ көңілім сезіктеніп жүргендіктен, оның үй жағына барып, пәтерін сырттай торуылдап жүрдім.
Жаманның сандырағы келеді деп, айтқаным айдай келді. Үйінен әп-әдемі болып киініп шығып, басқа жігіттің көлігіне отырып, қыдыруға кетті. Қатты көңілім құлазыды. Ертесінде "Мұның не, ұят қайда?" деп болған жайтты түсіндіруді сұрадым. Ол "ұнамасам осы жерден қояық, маған бәрібір" деп шорт кесті. Сол кезде оған деген сезімімнің суығаны соншалық, қайта көрмейтіндей күйге түстім", - дейді 23 жастағы жігіт.

Жас жігіт ол аздай сүйіктісі айырылысқаннан кейін бар-жоғы бір айда өзге жігіттің ұсынысын қабылдап, тұрмысқа шығып кеткендігін жеткізді.

"Біз бір-біріміздің Instagram парақшамызға жазылған болатынбыз. Менімен ажырасқаннан кейін небары бір айдың ішінде басқа жігітпен тұрған суретін салып, екеуінің үйленейін деп жатқанын жазды. Сезімім суымағандықтан ба, әлде ер адам болған соң қызғанғандықтан ба, басында көргенде жынданып кете жаздадым. Өкініштісі Аяулымның тұрмыс құрайын деп жатқан жігіті өткенде мен көрген жігіт те болмай шықты.
Сонда ойлап қарасам ол қатарынан бірнеше жігітпен жүрген екен. Одан мұндайды ешқашан күтпеген едім. Бір жағынан осындай қызды жар етпегеніме қазір шүкір деймін. Мұндай жеңіл жүрісті қыздар қандай ана, қандай келін бола алады? Ал ең қызығы Аяулым сияқты қыздар мінезі жақсы, ауқатты жігіттерге тұрмысқа шығып, өмір бойы май-шелпекте отырады. Ондай қыздар қазір көп, осы оқиғадан кейін тіпті қыздарға сенуден қалдым. Бірақ не болса да қайырымен болған шығар? Бәлкім осы әрекеті арқылы құдай менің көзімді ашқан шығар", - деп әңгімесін аяқтады Марат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782699-sjiktisi-birnese-zigitpen-zrgen-kksetaulyk-zigit-obaj-aldanyp-kalgan/

pixel