Нұр-Сұлтандағы үш бірдей автобус апаты: Қала әкімі оқиға орнына келді
Опубликовано:
Бүгін Нұр-Сұлтанда үш автобус соқтығысып, екі адам көз жұмды. Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов тез арада оқиға орнына барды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Елордалық Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апатынан екі адам қаза тапқан. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.
Қайғылы жағдай орын алған жерге елорда әкімі Бақт Сұлтанов келді.
Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы Эльфира Жүргенбаева қала билігі жағдайды бақылауға алғанын жеткізді.
Қазіргі уақытта №303 автобус пен №12 автобустың соқтығысқаны, артынша №53 автобус пен жедел жәрдем каретасының да соғылып қалғаны белгілі болды.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785128-nr-sltandagy-s-birdej-avtobus-apaty-kala-kimi-okiga-ornyna-keldi/