Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда ерлікпен ажал құшқан сержанттың ғашығымен түскен видеосы елді жылатты

Опубликовано:

Атырауда суға кеткен бойжеткенді құтқармақ болып өз өмірін құрбан еткен сержанттың қалыңдығымен түскен видеосы елді жылатты. Шалқар Ақымғалиев екі айдан соң үйленбек болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шалқар Ақымғалиев Фото: МВД РК, instagram.com/atyrauoil.official
Шалқар Ақымғалиев Фото: МВД РК, instagram.com/atyrauoil.official: UGC

24 жастағы полицейдің сүйіктісімен түскен видеосы Instagram кеңістігіне тарап кетіп, желі оқырмандарының жүрегін ауыртты.

Ғашықтардың бақытты сәттері таспаланған бейнежазбаны көрген жұртшылық көздеріне жас алғанын жасырмады.

Оқырмандар Шалқардың асқан ерлік танытқанын еске алып, оның ғашығына көңіл айтқан.

"Ақымақ қыздың кесірінен жастай кетті" , "Сүйіктісі үшін жүрегім ауырып отыр. Қандай орны толмас қаза" , "Ғашығынан айырылу өте ауыр. Мықты бол. Иманды болсын" , "Жаны жәннәтта болсын. Қызына жаным ашып тұрғаны" , "Мына видео мені әбден жылатты" , "Видео өте ауыр екен. Жүрегім ауырып әрі елжіреп кетті" , - деп жазған көпшілік.

Айта кетейік, 24 жастағы полицей өмірімен қош айтыспақ болып, суға секірген аруды құтқарамын деп өзі ажал құшты.

Мұзды суға түскен ол ағысқа қарсыласа алмай, батып кеткен.

Ерлікпен қаза тапқан сержанттың отбасына Дариға Назарбаева көңіл айтқан. Ол Шалқар Ақымғалиевтің батылдығы өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі болатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785134-atyrauda-erlikpen-azal-kskan-serzantty-gasygymen-tsken-videosy-eldi-zylatty/

pixel