Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тежеуіште ақау жоқ": Нұр-Сұлтандағы жол апатының себебі әлі анықталмады (фото)

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласында үш автобус, жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көліктің қатысуымен болған жантүршігерлік жола апатының себебі әлі анықталмады. Бірнеше көлікті соққан жүргізушінің денсаулығы қалыпты, алкотестер теріс нәтиже көрсеткен, ал автобуста ақау болмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тежеуіште ақау жоқ, алкотестер - нөл: Нұр-Сұлтандағы жол апатының жұмбағы әлі шешілмеді (фото)
Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Автобус апатынан аман қалған астаналық жігіт оқиғаны баяндап берді>>>

Нұр-Сұлтандағы үш бірдей автобус апаты: Қала әкімі оқиға орнына келді>>>

Куәгер Нұр-Сұлтандағы жол апатының алғашқы минуттары жайлы баяндады>>>

Нұр-Сұлтанда қаза болған автобус жүргізушісінің артында төрт баласы қалды>>>

№303 бағыттағы автобус жүргізушісі Абай Оспанов бүгін таңертең 6:40 қалыпты медициналық тексеруден өткен. Оның көрсеткіштері қалыпты болған.

Тежеуіште ақау жоқ, алкотестер - нөл: Нұр-Сұлтандағы жол апатының жұмбағы әлі шешілмеді (фото)
Гүлнар Жексеева Фото:NUR.KZ: Original
"Абай Оспановтың денсаулығы жақсы болатын. Денсаулығына шағымданбаған, дәрігерлердің тіркеуінде болмаған. Бүгін әдеттегідей бағдар алдындағы тексеруден өтті. Қан қысымы 110-70, алкотестер - нөл, температурасы қалыпты. Көңіл-күйі жақсы болды", - деді №1 автопаркінің үшінші лег фельдшері Гүлнар Жексекеева.

Сондай-ақ ол жүргізуші шаршамағандығын, бүгін оның екінші жұмыс күні болғанын мәлімдеді. Наурыздағы демалыс кезінде Оспанов үш күн демалған.

Автопарк басшылығы марқұмның жыл сайынғы медициналық тексеру қағазын көрсетті. Ол толық тексеруден 2018 жылдың желтоқсанында өткен. Оның қорытындысы - еңбекке жарамды.

Тежеуіште ақау жоқ, алкотестер - нөл: Нұр-Сұлтандағы жол апатының жұмбағы әлі шешілмеді (фото)
Фото:NUR.KZ: Original

Жол апатына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу амалдары жүргізілуде.

№303 бағыттағы автобуста да ақау болмаған. 2014 жылы шығарылған көлік, жарты жыл сайын техникалық тексеруден өтіп отырған.

Тежеуіште ақау жоқ, алкотестер - нөл: Нұр-Сұлтандағы жол апатының жұмбағы әлі шешілмеді (фото)
Фото:NUR.KZ: Original

Бүгін таңертең автобус автопарктен кетпес бұрын оны механик тексерген. Көлік тежеуіштері жарамды, автобус қалада жүру үшін қауіпсіз болған.

Тежеуіште ақау жоқ, алкотестер - нөл: Нұр-Сұлтандағы жол апатының жұмбағы әлі шешілмеді (фото)
Фото:NUR.KZ: Original

Еске сала кетейік, бүгін 26 наурыз күні Нұр-Сұлтанда Ұлы Дала мен Қабанбай көшелерінің қиылысында үш автобус соқтығысып, екі адам қаза тауып, тағы 27 тұрғын ауруханаға түскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785220-tezeuiste-akau-zok-nr-sltandagy-zol-apatyny-sebebi-li-anyktalmady-foto/

pixel