Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы жол апаты: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтып берді

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласындағы үш автобус, жедел жәрдем мен жеңіл көліктің қатысуымен болған жантүршігерлік жол апатынан кейін медициналық көмекке 36 адам жүгінген. Олардың 15-нің жағдайы ауыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтандағы жол апаты: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы жайында айтты
Көрнекі фото: patronage.su: Instagram

Автобус апатынан аман қалған астаналық жігіт оқиғаны баяндап берді>>>

Нұр-Сұлтандағы үш бірдей автобус апаты: Қала әкімі оқиға орнына келді>>>

Нұр-Сұлтан әкімдігі автобус апатында қайтыс болғандар туралы ақпарат берді>>>

Нұр-Сұлтанда қаза болған автобус жүргізушісінің артында төрт баласы қалды>>>

Зардап шеккен 36 елордалықтың 26-сы қалалық ауруханаларға жеткізілген. 23 адам №2 қалалық ауруханаға, екі науқас №1 ауруханаға және тағы біреуі орталық жол ауруханасына апарылған.

Әртүрлі жеңіл жарақат алған сегіз адам стационарларға өз беттерімен келген.

Зардап шеккендер арасында балалар жоқ, науқастардың барлығы ересектер.

"Бір науқас аса ауыр жағдайда жатыр. Алты адамның жағдайы ауыр, сегіз науқас - орташа ауыр жағдайда деп бағалануда.
Жол-көлік оқиғасынан жедел жәрдем көлігі де ұшырады. Ішінде көлік жүргізуші мен екі фельдшер болған. Жүргізуші зардап шекпеген. Фельдшердің біреуінде жабық бас-ми жарақаты, екіншісінің тізесіне зақым келген", - деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров.

Адамдарға көмек көрсету үшін 15 жедел жәрдем көлігі жұмылдырылған.

Айта кететін жайт, дәрігерлерді апатқа ұшыраған жедел жәрдем қызметкерлері шақырған.

Еске сала кетейік, бүгін 26 наурыз күні Нұр-Сұлтанда Ұлы Дала мен Қабанбай көшелерінің қиылысында үш автобус соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 27 тұрғын ауруханаға түскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785233-nr-sltandagy-zol-apaty-drigerler-zardap-sekkenderdi-zagdajyn-ajtyp-berdi/

pixel