jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Тікұшақ апатынан көз жұмған жігіттің анасы ұлын Ақтауға жібергісі келмеген

: Instagram

Қызылорда облысында тікұшақ апатынан қаза тапқандардың арасында 28 жастағы ефрейтор Мирас Жұматаев та бар. Марқұмның анасы ұлын Ақтауға жұмысқа жібергісі келмегенін айтып, ұлының қазасына әлі сенбейтінін жеткізді деп хабарлайды "Жас алаш" басылымы.

Мирас Жұматаевтың анасы. Фото: "Жас алаш" басылымы
Мирас Жұматаевтың анасы. Фото: "Жас алаш" басылымы: Instagram

Туыстарының айтуынша, Мирас Жұматаевтың тегі таралған ақпараттарда қате жазылған. Марқұмның жақындары осыдан кейін ұлдарының тірі екенінен соңғы сәтке дейін үміттенген.

"Ұшақтарды қарап жүретін. Жұмысы сол. Қарауылға барады. Жаңағы интернеттен оқығанда командирлердің аты, жанындағы балалардың аты бар. Мирастың инициалы кеп тұр. Ал тегі дұрыс жазылмапты. Сол кезде "Мирас аман шығар" деген үміт болды", - дейді бауыры Айдын Жылқайдаров.

Ал марқұмның туыстары мен анасы кешкі 17:00 шамасында ұлынан "аман-есен Ақтаудан ұшып шықтық" деген хабар алған. Осыдан кейін Мирас қайта байланысқа шықпаған.

"Бар сеніміміз балалар аман шығар" деп ойладық. Балам Ақтауға өз еркінен тыс кетіп еді. Барғысы келген жоқ Ақтауға. Менің де жібергім келген жоқ еді", - дейді 28 жастағы азаматтың анасы Сайлау Сыдықова.

Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар тікұшақтың апатқа ұшырғаны хабарланды.

Ал бүгін таңертең, Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, тікұшақта болған 13 адамның барлығы қаза тапқанын хабарлады.

Тікұшақта қаза тапқан кісі сержант Асхат Абдулманаттың артында кәмелетке толмаған төрт баласы қалды.

Тікұшақ апатынан көз жұмған жігіттің анасы ұлын Ақтауға жібергісі келмеген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.