Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттің экс-әкіміне зорлықпен тоқал болған келіншек сұмдық жайттардың бетін ашты

Опубликовано:

Әлия Байділдаева есімді келіншек зорлық әрекеттер ықпалымен Шымкенттің экс-әкімі Өмірзақ Әметұлының тоқалы болғанын жайып салды. Бүгінде одан екі баланы туған әйел өзінен 35 жас үлкен шенеуніктен кәмелетке толмаған шағында, небәрі 17 жасында зорлық көргенін айтты деп хабарлайды КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шымкенттің экс-әкіміне зорлықпен тоқал болған келіншек сұмдық жайттардың бетін ашты
Видеодан кадр / КТК: UGC

Шымкенттің экс-әкіміне еркінен тыс тоқал болуға мәжбүр болған келіншек басынан өткен ауыр жағдайды өзі баяндап берді.

Айтуынша, әйелдің шенеуніктен туған екі қызының біреуі сал ауруына шалдыққан.

"Анам базарда саудамен айналысқан. Сол жерде ол кісілермен танысып, таныстықтары ары қарай жалғасқан. Анам мені олардың үйіне бала күтушісі ретінде жібереді.

Оның үлкен немересінің де мүмкіндігі шектеулі, диагнозы басқа. Өз аяғымен жүріп тұрады. Сол баланы мектепте күтіп отыру керекпін, қайта үйге алып келу керекпін.

Отбасым қиын жағдайға түсті. Үйіміз ломбардқа өтіп кетті. Әкем Оңтүстік Кореяға барамын деп, екінші рет бара алмай қалды. Осындай қиындықтар туып кетеді.
Анам Өмірзақ Әметұлынан көмек сұрайды. Енді екеуінің араларында қандай әңгіме болғанын білмеймін. Бірақ, Әметұлы маған "шешең сатты, мен сатып алдым" деп айтты. Оған қоса, ол анамның бәрін білгенін жеткізді" , - деп бастады Әлия.

Келіншек өзіне жасалған қорлық әрекеттермен қатар, өзінің алғаш рет зорланған күнін еске алды. Ол кезде Әлия кәмелет жасына да толмаған болып шықты.

"Бір күні Әметұлы маған "Бақытжанның киімін ауыстыру керек, біз қонақта отырмыз" деп айтады. Мен үйге барғанымда ешқандай қонақ та, ешкім де жоқ.

Мен оған Бақытжанның қайда екенін сұрағанымда, маған "шешін" деп айтады. Бәрі содан басталды. Және ол менің қандай әрекет ететінімді сезген, скотч пен жіп дайындап қойған қолымды байлау үшін. Содан ол кісі маған зорлық істеді" , - деді екі баланың анасы.

Бұл зорлықтан соң, экс-әкім жас қызды еркінен тыс өзінің тоқалы қылған.

"Өміріме қастандық жасалған соң, ол кісі маған "енді мен сенің әкеңмін, анаңмын. Анаң сені сатып отыр маған, енді сен менің тоқалым боласың" деді.

Ол кезде ол кісінің жасы 53-те, мен болсам 17-демін. 35 жас үлкен. Содан некелі қылды мешітке барып және 14400 доллар санап берген өз көзіммен көрдім ол қалың мал деді. Қыздың пәктігі деді солай.

Содан арамызда екінші бала дүниеге келді. 2014 жылы әйелі білді, осы екі бала туралы. Әйелі маған "Әлия ештеңе жасамайсың, барасың да, балаларды балалар үйіне тапсырасың. Сен тыныш мен тыныш өз өміріңмен әрі қарай сүре бер сен жассың" деген сөздер айтты" , - деп ағынан жарылды Әлия.

Әлия Байділдаева не себепті алғаш зорланғанынан кейін құқық қорғау органдарына жүгінбегенін де түсіндіріп кетті. Әйел адамның сөзінше, оны қорқыныш бойлаған.

"Біріншіден мен 17-де болдым, одан соң менде үлкен қорқыныш болды. Бізде қыз пәктігіннен айырылса, ол адамға саналмайды. Және оны ешкім алмайды. Содан мен ойладым бұл тағдыр деп. Солай болу керек" , - деді келіншек.

Тоқал болуға көнген арудың экс-әкімнен туған тұңғышы сал ауруына шалдыққан. Бастапқыда шенеунік оған көмектесіп, ем алдыртып жүрген.

Кейін бірінші әйелі бар шындықты білген соң, жағдай өзгеріп шыға келіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786799-symkentti-eks-kimine-zorlykpen-tokal-bolgan-kelinsek-smdyk-zajttardy-betin-asty/

pixel