Экс-әкімнің тоқалы болған келіншек бәйбішеден көрген қорлығын жайып салды
Жарияланған күні:
17 жасында Шымкенттің экс-әкімінен зорлық көріп, еркінен тыс оның тоқалы болған келіншек күйеуінің бірінші әйелінен қорлық көргенін жайып салды. Әлия Байділдаева бұрынғы қала басшысының бәйбішесі оны қамауда ұстап, қоқан-лоққы көрсеткенін айтты деп хабарлайды КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Екі баланың анасы Өмірзақ Әметұлының бірінші әйелі өзіне қандай қорлық әрекеттер жасағанын ашып айтты.
"2014 жылы әйелі білгеннен кейін, басында жай әңгіме болды. Жайлап сөйлестік, ешқандай сөзге көнбеді. Мен еркімнен тыс болды дедім. Ол маған ерегеспеуімді айтты.
Мен ерегеспейтінімді айттым, алайда мен анамын дедім. Ол маған "мен Алиевамын" деді, мен Әлиямын дедім. Балаларымды өткізбеймін деп айттым.
Сөйтіп бір күні бізді өзіміздің жалдамалы үйімізден алып кетті. Бір топ еркектер келді.
Өздерінің тілдер академиясы деген университеттері бар. Қызы - ректор. Сол жердегі студенттер жатақханасындағы үшінші қабаттағы 313 бөлмеге қамап қойды.
"Бір-екі күн берем, ойланып көр" деді маған. Мен балаларымды бермейтінімді айтып, өлтіргісі келсе қазір істеуін айттым.
Содан жайлап жауабымды күтті. Мен жауап бермегеннен кейін, әр уақытта адамдарды жібере бастады.
Өздерінің қол астында 17 жыл қызмет атқарған Марош Шарипат Тілеуханқызын қайта-қайта жібере берді. Ол кісі келген сайын ақ парақпен келетін. Балаларымнан бас тартамын деп жаздырып беру үшін" , - деді Әлия.
Бәйбіше мен тоқал арасына Өмірзақ Әметұлы араласпайтынын айтқан.
"Әйелдер арасына араласпаймын, Әлия кешір" деді ол кісі. Себебі, Алиева Ұлтуар үйді билейтін адам. Оның сөзі барлық жерде жүреді.
Содан барлығы, ұрып-соғу басталды. Оған қоса, денеме ине тықты. Оны Марош Шарипат Тілеуханқызы жасады. Ол - Ұлтуар Алеваның оң қолы.
Ине тығып, балалардан бас тартуымды талап еткен кез болды. Суицидке де итермелеген кез болды.
Ең соңында, оған да көнбейтінімді білгеннен кейін, олар мені психбольница мен наркологияға жатқызбақ болды.
Оны аналық құқығымнан айыру үшін жасамақ болды. Алайда, оны іске асыра алмады.
Қазіргі таңда тмен әрең дегенде өз қалпыма келдім. Бір жарым жыл бойы психолог мамандармен жұмыс істедім" , - деп ағынан жарылды келіншек.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкенттің экс-әкіміне еркінен тыс тоқал болған әйелдің бар шындықты айтып бергені туралы хабарлағанбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786818-eks-kimni-tokaly-bolgan-kelinsek-bjbiseden-krgen-korlygyn-zajyp-saldy/