Алдағы үш күнде Қазақстанда күн -10 градусқа дейін суытуы мүмкін
Опубликовано:
Қазақстанның басым аймақтарында алдағы күнде жауын-шашынды болып, ауа температурасы -10 градусқа дейін төмендеуі мүмкін деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
![Көрнекі фото: NUR.KZ. Авторы Петр Карандашов Көрнекі фото: NUR.KZ. Авторы Петр Карандашов](https://cdn.nur.kz/images/1120/c00bab66b1420fa8_w.jpeg)
"16 мен 18 сәуір аралығында Қазақстанның басым аймақтарында жаңбыр, жылбысқы қар, тұман, көктайғақ және түнгі ауа температурасы республиканың көптеген облыстарында минус 2... минус 10°С дейін төмендейді деп күтіледі.
Сондай-ақ оңтүстік облыстарда да құбылмалы ауа райы орнайды. Орталық Азия аймағынан жылжыйтын циклон және Қазақстанның солтүстік аймағынан суық арктикалық фронт өзімен бірге, жаңбыр, кей жерлерде қатты және найзағай күтіледі", - деп хабарлады синоптиктер.
Еске сала кетейік, Көкшетауда сәуірдің ортасында қар жауған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788900-aldagy-s-knde-kazakstanda-aua-temperaturasy-10-graduska-dejin-suytuy-mmkin/