jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"Үйге оралуымды қаламайды": Эпилепсиямен ауыратын келіншек қайын жұртына өкпелі

: Facebook

Күйеуімен айырылысып жүргеніне бес ай болған келіншек қайын жұртына қатты өкпелеп жүр. Үйге оралуын қаламайтын қайын атасы мен енесіне ренжіген әйел эпилепсиямен ауыратынын айтады деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: rightstep.com
Көрнекі фото: rightstep.com: Facebook

Бүгінде отағасынан бөлек жүрген әйел ортада бір қызы бар екенін, жұбайы оларға оралғысы келетінін алға тартты.

"Оның отбасы менің үйге оралуымды қаламайды. Олар күйеуіме әйеліңе баратын болсаң, сенен бас тартамыз деп отыр екен. Өйткені, мен эпилепсия ауруымен ауырамын. Қазір жағдайым жақсы, мың шүкір. "Әйелің жазылмайды, қоя сал, басқа әйел әпереміз" деп отыр екен. Күйеуімнің басқа біреуге үйленетін ойы жоқ. Ол қызын сағынып жүр, қызымызды ата-əжесі əлі көрмеді де, сұрамайды да.
Менің күйеуім олар үшін ақша табушы ғана. Екеуміз екі жақта қанша уақыт жүреміз, шаршадым, қызым да әкесін іздейді, әкесіз өсіргім келмейді. Мен де ауру боламын деп болмадым ғой, Алланың жазғаны солай. Басында жақсы тұрдық, бірақ арамызға түсе берді. Пәтер жалдап тұрған кезімізде күніге ақша сұрап келеді", - дейді кейіпкер.

Әйел адам ауру болғаны үшін түңіліп, жылайтынын жеткізді.

"Бірақ, амалым бар ма? Енді қалай бірге болсақ екен. Күйеуім өзі аса көп сөйлемейтін тұйық жігіт. Қазір ол қатты күйзеліп жүр, ашушаң болып кетті. Бірдеңеге ұшырап қала ма деп қатты алаңдаймын", - дейді ол.
"Үйге оралуымды қаламайды": Эпилепсиямен ауыратын келіншек қайын жұртына өкпелі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.