Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауқатты отбасынан шыққан қалыңдық мәхірге "брелок" сұрап, елді таңырқатты

Опубликовано:

Көкшетауда ауқатты отбасында тәрбиеленген қалыңдық неке қию рәсімінде көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Ақтоты есімді бойжеткен өзінің сүйіктісінен мәхір сыйлығы ретінде қарапайым "брелок" сұраған. Осылайша жас келін өзінің таңдауымен жұртты таңғалдырған екен. Ерекше жағдай туралы той иелерінің бірі Зәуре есімді келіншек баяндап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: helena-nabokina.kz
Көрнекі фото: helena-nabokina.kz: Depositphotos

Зәуренің сөзінше, бұл оқиға туған әпкесінің Нұрсұлтан есімді үлкен ұлы үйленген кезде болыпты.

"Той белгіленген күннен бастап, қызу дайындыққа кірісіп кеттік. Оның үстіне болашақ құдаларымыз өте ауқатты кісілер екенін білдік. Барынша намысқа тырысып, жерге қарап қалмаудың амалын қарастырдық. Әпкем қомақты қаражат несие алды. Ағайындар да қарап қалмай, қолдан келгенше көмек көрсеткен болатынбыз", - дейді Зәуре.

Көкшетаулық келіншектің айтуынша, Нұрсұлтанның сүйіктісі өте сауатты әрі білімі жоғары бойжеткен екен. Жергілікті әкімдікте басқарушылық қызмет атқаратын көрінеді. Екеуі жұмыс бабында танысып, арада сезім пайда болған. Жас қыз жігіттің айтарлықтай ауқатты емес екеніне көңіл бөлмеген. Сезімін білдірген Нұрсұлтанның ұсынысын қабыл алып, жақындарына жақсы жаңалықты жеткізген.

"Екі жақ той мәселесін талқылауға кездескен едік. Келініміздің ата-анасы қаншалықты ауқатты болса да, қарапайымдылықтарын жоғалтпаған екен. Қыздарының қалың малына қомақты қаражат та сұрамады. Тек ел – жұрттан ұялмасақ болды деді. Әрине, балаларымызды қатардан кем қылмайтынымыз белгілі ғой. Адамгершілік қасиеттері жоғалмаған кісілердің бала тәрбиесіне келгенде де осалдық танытпайды ғой деген ой түйдік", - кейіпкер.

Расымен, Нұрсұлттанның таңдауы Әсел өте сұлу әрі ақылды бойжеткен болып шыққан. Ұзату тойына барған құдалар қыздың көркіне таң қалған екен. Қазақтың салтына сай "Сырға салу" дәстүрі жасалынып, көпшілік екі жастың қуанышына ортақтасқан.

"Ұзату" тойынан кейін ауылда "Беташар" рәсімі өтіп, құдалыққа дайындық шаралары басталып кетіпті.

"Әсел үйдің тірлігіне өте епті екен. Тәтті шай кезінде жинаған қаражатын енесіне берді. Бірақ әпкеміз ақшасын өзіңе қайтарды. Түнімен ертеңгі құдалық пен мейрамханадағы үйлену тойына дайындалдық. Түрлі тәттілерді пісірген келіндер өз міндеттерін атқарды. Жас келінді ертерек ұйықтауға жібердік. Құдалық кезінде олар қаладағы жұмыстарын бітіру керек болатын. Сұлулық салонына барып, некелердін қидыратын болды", - дейді кейіпкер.

Жас жұбайлар үйлену тойының алдында серуенге шығып, мешітке барған. Мұсылманша неке қидыру сәтінде Әселдің әрекеті тағы да көпшілікті сүйсінткен.

Имам мәхір сыйлығына не сұрайсың дегенде, қалыңдық күйеуінен қарапайым "брелок" алып беруін сұрапты. Жұбайы алыс сапарға кеткенде сыйлығына қарап, сағынып отыратынын айтыпты.

"Мешіттегі бұл жағдайды біз үйлену тойынан кейін жастармен бірге қыдырған достарынан естідік. Шынымызды айтсақ қатты таңғалдық. Қазір кейбір қыздар мәхірді пайдаланып, қымбат дүниелерді сұрап жатқанын естіп жатырмыз ғой. Әселдің қарапайым "брелок" сұрағаны қуантты. Дегенмен Нұрсұлтан "брелокпен" бірге алтын алқа алып беретінін айтыпты. Қазақтың осындай өнегелі қыздары көп болса екен деп тілеймін. Негізі барлығы тәрбиеге байланысты ғой", - дейді Көкшетау қаласының тұрғыны.

Бүгінде екі жас ата-енесімен бірге тұрып жатыр. Болашақта олар Нұрсұлтан қаласына көшіп, асқақ мақсаттарын жүзеге асыруды армандап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791472-kksetauda-aukatty-otbasynan-sykkan-kalydyk-mhirge-brelok-srap-eldi-tayrkatty/

pixel