jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Қанша ішкенімді білмеймін": Ақтөбеде екі ұлы бар қария далада қаңғып қалды

: Getty Images

Ақтөбедегі қаңғыбастар үйін көк тақиялы қарияның паналап жүргеніне бір жыл болған. Өзін "Қайрат Ешниязовпын" деп таныстырған 68 жастағы ақсақал екі ұлы бар екенін және ішімдікке салынған соң жанұясынан көз жазғанын айтып берді деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қанша ішкенімді білмеймін": Ақтөбеде екі ұлы бар қария далада қаңғып қалды
Фото: KAZ.NUR.KZ: Getty Images

Қария Алға ауданының тумасы екен. Айтуынша, ұлдарын көрмегеніне 20 жыл болған.

"Бұл жерге өткен жылдың тамыз айында келдім. Мені іздейтін туыс қалған жоқ. Осы уақытқа дейін апамның қолында тұрдым.

Ол қайтыс болғаннан кейін балалары мені осында әкеліп тастады. Өзімнің екі балам бар. Олар мені қастарына алмайды.

Бәрі арақтың кесірі. Әйелім де мені кіргізбейді. Ол қазір қалада кіші баламен тұрады.

Менің оларды көрмегеніме 20 жыл болды. Ұзақ жылдар бойы ішімдікке әуес болдым. Қанша жыл салынып ішкенімді білмеймін.

1990 жылдан бастап ішімдікке салындым. Содан кейін өзімді тоқтата алмадым", - дейді қария.

Қазір жүріп-тұруы қиындаған ақсақал жақындарын іздемейтінін айтты. Себебі бірнеше рет телефон соғып көңілі қалған екен..

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.