jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

Игіліктің ерте, кеші жоқ: «Белсенді ардагер» акциясы бір апта қорытындысы

: Twitter

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 74 жылдығына орай «Белсенді ардагер» айлығы аясында 71 Ұлы Отан соғыс ардагерлерін медициналық қызметкерлер үйде қарады.

Игіліктің ерте, кеші жоқ: «Белсенді ардагер» акциясының бір апта қорытындысы
: Instagram

Еске салып өтсек, айлық ағымдағы жылдың 29 сәуірінен басталып, 29 мамырға дейін жалғасады. Шара қоғамның назарын мүгедектердің, соғыс ардагерлерінің, оларға теңестірілген тұлғалардың денсаулығына аударуға бағытталған.

Ашық есік күндері аясында барлық қатысушыларға диагностикалық, зертханалық және медицина-сауықтыру іс-шаралары кешендері қарастырылған, оған медициналық мамандардың сараптамалары мен консультациялары өткізіледі. Осылайша, бір апта қорытындысы бойынша кешенді қаралудан 400-ден астам мүгедектер, соғыс қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғалар өтті.
Игіліктің ерте, кеші жоқ: «Белсенді ардагер» акциясының бір апта қорытындысы
: Facebook

Осы ай аралығында мүгедектер мен Отан соғыс қатысушыларының клиникалық зерттеулерден өтуіне, басқа да әлеуметтік қызметтер арасындағы ведомствоаралық өзара әрекеттестікке ерекше назар аударылады

Медициналық көмекті қоса алғанда, оларға әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың қолдауымен қамтамасыз етілген.

Бір аптада акция аясында әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар 286 мүгедектер, соғыс қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғаларға қызмет көрсетті.
Игіліктің ерте, кеші жоқ: «Белсенді ардагер» акциясының бір апта қорытындысы
: Twitter

Олардың жұмыс нәтижелері медициналық талдау және әлеуметтік көмек көрсету (санаторлық-курорттық емдеу, медициналық және әлеуметтік оңалту, мейірбикелік үйде болу мүмкіндігін кеңейту және т.б.) жағдайында осы азаматтардың назарын тереңдету қажеттілігін көрсетеді.

Бүгінде, осы санаттағы 389 адамға электрокардиография (ЭКГ), ультрадыбыстық талдау - 216, компьютерлік томография (КТ) бесеуіне жүргізілді.

Айта кету керек, акцияның бірінші аптасының қорытындысы осы санаттағы тұлғалар үшін жасалып отырған медициналық қызмет көрсету шаралар одан әрі жемісті болуына үміттендіреді. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қоғамды осы бағытта жұмыс нәтижелері туралы хабардар етуді жоспарлап отыр.

Игіліктің ерте, кеші жоқ: «Белсенді ардагер» акциясының бір апта қорытындысы
: Twitter

«Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы» ММ

Игіліктің ерте, кеші жоқ: «Белсенді ардагер» акциясы бір апта қорытындысы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.