Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Он бес-ақ мың теңге": Солтүстікке келін болған ару қалың мал туралы ашып айтты

Опубликовано:

Осыдан он жыл бұрын солтүстікке келін болған елордалық келіншек теріскей өңірдің тұрғындарының қалың мал жайлы пікірін айтып берді. Оның айтуынша, солтүстікте қызға берілетін қалың мал көлемі тым аз екен. Екі баланың анасына кезінде бұрынғы қайын жұрты бар-жоғы 15 мың теңге көлемінде ғана ақша беріпті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Life.ru
Көрнекі фото: Life.ru: UGC

Елордалық Дана есімді келіншек 2009 жылы Петровал қаласының жігітіне тұрмысқа шыққан. Өмірге екі бала әкелген ол былтыр күйеуімен ажырасып кеткен. Оған себеп – жолдасының ішімдікке салынып кеткені екен.

"Жолдасым оқуын аяқтамаған жігіт. Дипломы жоқ болса да, менің көмегіммен жұмысқа тұрған еді. Бес жылдай жұмыс істеді, кейін ол жерден шығып қалып, отбасымызда қиын күндер туды.

Ол кезде мен екінші баламен декретте отырған едім. Содан бала күтімі бойынша үйде отырсам да, қосымша жұмыс табуға тырыстым.

Мамандығым бойынша филологпын, аударма жасадым, копирайтер де болдым. Былайша айтқанда, табыс табу қызметін өз мойныма алдым.

Ал күйеуім болса үйде жатып ішімдік ішуді әдетке айналдырды. Өкініштісі бұл әдеті уақыт өте келе күшейе берді.
Ақыры былтыр ажырасып кеттік. Қазір ол үйдің жалғызы болғандықтан, ата-анасының қолында деп естідім. Ал мен әпкем екеуміз осында пәтер жалдап тұрамыз", - деді келіншек.

Екі баланың анасы теріскей тұрғындарының қалың малға қатысты пікірін де айтып берді. Оның сөзіне сенсек, солтүстік халқы қалың малды тым аз береді екен.

"Айтсам сенбессіздер, бірақ маған қалың мал деп кезінде 15-ақ мың теңге берген. Сол кезде әкемнің менен және бұрынғы қайын жұртымнан көңілі қалғаны соншалық, оларды қалай мақтасам да көңілі жібімей қойды.

"Қызым мәселе ақша да емес, сыйластықта еді. Сондай жағдайлары бар, қыздың да сұрауы да бар, қалың малды адам сияқты беру керек еді" деген әңгімесін әлі күнге дейін естіп келемін.

Жалпы солтүстік оңтүстікпен салыстырғанда ақшаға сараң. 50-100 мың теңге көлемінде ақша беріп, солай құтылуы мүмкін. Ал оңтүстікте миллиондап береді дегенді естиміз.

Әрине әр елдің салты басқа, бірақ қазақтың дәстүрі болған соң, жерге қаратпай, соны ұстану керек деп ойлаймын. Қазір бәрі артта қалды. Екі баламды өсіріп-жеткізіп, оқытсам деймін", - дейді келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794017-15-ak-my-tege-soltstikke-kelin-bolgan-aru-kaly-mal-turaly-asyp-ajtty/

pixel