Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда директордан қорлық көрген мұғалімдер оның жұмыстан кетуін талап етуде

Опубликовано:

Алматыда №180 жалпы білім беретін мектеп ұстаздары директордың жұмыстан кетуін талап етуде. Мұғалімдер небәрі төрт ай бұрын келген жаңа басшы ұжымның берекесін қашырғанын айтып, одан қорлық көргенін жайып салды. Олардың сөзінше, Ләззат Дәулетбек ата-аналар мен оқушылардың көзінше ар-намысқа тиетін сөздерді айтатын көрінеді деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: видеодан кадр/КТК
Фото: видеодан кадр/КТК: Twitter

Басшының іс-әрекеттеріне көңілі толмаған ұстаздар мектепте оған қарсы наразылық шарасын ұйымдастырған. Директордан қорлық көрген бір топ мұғалім уақытша сабақ беруді тоқтатып, оның қызметінен кетуін талап етіп отыр.

Шыдамы шегіне жеткен ұстаздар мұндай сұмдықты бұған дейін көрмегенін алға тартты.

"Біздің мектепте мұғалім мәртебесі көтерілмейді. Жаңа директор келгеннен бері біздің адамгершілік құқығымызға зиян келіп жатыр" , - дейді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бақыт Самылтырова.
Фото: видеодан кадр/КТК
Фото: видеодан кадр/КТК: Facebook

Басылымның жазуынша, үниверситет бітіріп келген жас мамандардың жағдайы тіптен қиын екен. Сын садағына жиі ілігетін де солар. Ауруы жанына батса да, жиналысқа қатысуға мәжбүрлейді екен.

"Менің басымды кене шағып алды. Басым ісіп, бастығымыздың алдына барған кезде "басымды қатырмашы" деді. Сосын мен ауруханаға кешігіп бардым. Үлгере алмай қалдым" , - деді өзін-өзі тану пәнінінң ұстазы Жұлдыз Жаппарханова.

Ұстаздардың айтуынша, жаңа басшы өзіне қарсы шыққандардың ізіне түсіп алады.

Кейбірінің сағатын тартып алғандықтан мұғалімдер бір-бірімен араз. Ал, еден жууушыларға тіптен күн жоқ. Мардымсыз айлық алатындар күніне 12 сағат жұмыс істеп қана қоймай, қақаған суықта сенбілікке де шығуға мәжбүр.

"40 градуста даланы жуғызды. Ауырып қалдық. "Апай болмайды ғой десек" ауыздарыңды жап деді. Екі ай мен 73 мың алып отырмын. "Неге мен 63 мың алуым керекпін?" десем "Заң бойынша солай. Істесең істе, істемесең кет". Мен қыстың күні қайда барам?", - деді еден жуушы Әлия Смағұлова.

Бір ғимарат ішінде отыратын Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы директордың дөрекі әрекеттерінен бейхабар болып шықты. Ол ұстаздарға дауыс көтергенін мүлдем көрмедім деп, оған шаң жуытар емес.

Фото: видеодан кадр/КТК
Фото: видеодан кадр/КТК: Instagram

Бүгінде бес жыл бұрын ашылған мектепте 180 ұстаз еңбек етеді. Ұстаздардың арызынан кейін бұл іске қазір қалалық және аудандық білім басқармасының өкілдері араласты.

Алдағы 2 аптаның ішінде мұғалімдердің шағымы жеке-жеке қаралмақ. Осыдан кейін комиссия мектеп директоры Ләззат Дәулетбекке қатысты нақты шешім шығарады.

Дереккөз: КТК.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794166-almatyda-direktordan-korlyk-krgen-mgalimder-ony-zmystan-ketuin-talap-etude/

pixel