jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Телефон сөніп қалды": Бурабайға барған жұбайлар орманда тылсым күш бар екенін айтты

: Facebook

Өткен аптаның демалыс күндері Бурабайға барған астаналық жас жұбайлар бастарынан өткен айрықша оқиғаны айтып берді. Көкшедегі орман ішін аралаған олар ғажайып, тылсым күштің куәсі болдық дейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Elorda.info
Көрнекі фото: Elorda.info: Facebook

Ерлі-зайыптылар былтыр ғана өзге қаладан көшіп келгендіктен, Бурабайға алғаш рет барған екен.

Қазақстанның Швейцариясына бет бұрған олар бастарынан өткен ерекше оқиғаларын баяндап берді.

"Бәрі аяқ астынан шешілді. Демалыс күні болғандықтан, жолдасым екеуміз Бурабайға бару туралы шешім қабылдадық. Көлігімізбен барып, әбден қыдырдық.

Алайда айтсам сенбесізздер, қонақүйге жайғасып, көл мен орман ішіне барғанымыз сол еді, телефонымыз сөнді де қалды.

Шыны керек, екеуміздің де телефонымыздың қуаты толып тұрған еді, ол лезде отырып қалатындай, айтарлықтай көп суретке түспеген де едік.

Және жалғыз біздікі емес, сонда жүрген көптеген қонақтарда дәл сондай жағдай болды. Бәріміз бір-бірімізден қуаттағыш іздеп, абыр-сабыр болдық", - дейді ерлі-зайыптылар.

Жұбайлардың сөзіне сенсек, тұрғындар арасында орман мен көлдің киесі мен тылсым күші бар деген аңыз тараған екен.

"Жергілікті тұрғындардың бірі табиғаттың ашуына тимеу керек деген кеңес айтты. Айтуларынша, Бурабайдағы көл мен орманның киесі бар екен, яғни ондағы табиғатқа залал келтірмей, таза жүру керек екен.

Әрине оның бәрі аңыз-әңгіме. Ондай тылсым күшке сенбейтін бізге, әлгіндей жағдайдан кейін, оның бар екеніне сенуден басқа амал қалмады.

Ал жалпы табиғаты керемет сұлу, ауасы таза, тамаша жер екен. Демалысымыз ойдағыдай өтті", - деді ерлі-зайыптылардың бірі.
"Телефон сөніп қалды": Бурабайға барған жұбайлар орманда тылсым күш бар екенін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.