Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеті жасар қарағандылық қыз «Кішкентай әлем аруы – 2019» атанды (фото)

Опубликовано:

Қарағандылық Аиша Әбішева есімді қыз "Little Miss World – 2019" балалар сұлулық байқауының жеңімпазы атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жеті жасар қарағандылық қыз «Кішкентай әлем аруы – 2019» атанды (фото)
Аиша Әбішева. Фото: жеке мұрағатынан: Instagram

Байқау Бодрум қаласында өткен. Оған бүкіл әлемнің 7-12 жас аралығындағы 30 кішкентай аруы қатысты.

Бас титулдан бөлек Аиша Best of the best және Miss Talent атақтарына ие болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Аиша таланттар байқауында лезгинка биін билеп, эксклюзивті ұлттық көйлекпен Қазақстанды таныстырып, әр қатысушыға естелік сыйлықтар табыс еткен.

"Аиша біздің үмітіміз бен тілектерімізді ақтады. Алдағы уақытта онымен біз көптеген жоспарлар құрып отырмыз", - дейді модельдік агенттік директоры Мәдина Ахметбаева.

Аиша үшін бұл бірінші жеңіс емес. 2017 жылы ол "Кішкентай Мисс Қарағанды", содан кейін "Mini Miss Grand Prix Russia 2018" атақтарын иеленген.

Жеті жасар қарағандылық қыз «Кішкентай әлем аруы – 2019» атанды (фото)
Аиша Әбішева. Фото: жеке мұрағатынан: Instagram

Модельдік агенттікте ол 3 жылдан бері айналысып келеді. Сондай-ақ, Аиша би билеп, фортепианода ойнайды.

"Мен жеңіске жетемін деп сендім, нәтижесінде осы байқауда жеңіске жеттім. Иә, қиын болды, біз оған 2 айдан астам уақыт дайындалдық. Қарсыластарым да мықты болды, бірақ менің биімді қазылар алқасы ең жақсы және күрделі деп таныды. Мен барлық қатысушыларға сыйлықтар сыйладым", - дейді "Әлемнің кішкентай аруы".

Аиша Әбенова 2011 жылы 13 маусымда Қарағандыда туған. Ол фото және бейне түсірілімдерге бірнеше рет қатысқан.

2018 жылы Қазақстан Астанасының 20 жылдығына арналған "Өмір тарихы" атты деректі фильміне түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795472-zeti-zasar-karagandylyk-kyz-kiskentaj-lem-aruy-2019-atandy-foto/

pixel