Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байбек айдай сұлу жұбайы және балаларын ертіп, кинотеатрға барды (фото)

Опубликовано:

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жанұясымен бірге қазақша дубляждалған "Аладдин" фильмінің қайырымдылық көрсетіліміне барды. Шаһар басшысы өзінің Instagram парақшасында әлемге әйгілі картинаны қазақ тілінде сөйлеткен "Болашақ" қоры туралы баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Байбек айдай сұлу жұбайы және балаларын ертіп, кинотеатрға келді (фото)
Фото: Алматы қаласы әкімдігі: UGC

Атақты «Уолт Дисней» студиясының қазақша дубляждалған «Аладдин» фильмінің балаларға арналған қайырымдылық көрсетілімі 21 мамыр күні елордада және оңтүстік астанада өткен.

Бұл - президенттік «Болашақ» стипендиясы түлектері құрған қайырымдылық қордың жетекшілік етуімен қазақша дыбысталған 29 кинокартина.

"8 жыл бұрын біз балалар мен жастар арасында мемлекеттік тілдің қанат жаюына, қазақ тілінде сапалы және бәсекеге қабілетті контент қалыптастыруға белсенді түрде көмектесе бастадық.⠀

Дубляж бойынша алғашқы жобаға кезінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев батасын берген. Бүгінгі күні «Өзіңнен баста» әлеуметтік жобасы көрермендердің де, сонымен қатар қаржылай қолдауынсыз бұл жобаның іске асуы мүмкін емес ел бизнесінің де жүрегінен айшықты орын алды.

Қордың тағы бір маңызды бағыты «Әрбір бала мектепке лайық» жобасы. Біз Қазақстанның 9 қаласында инклюзивті қолдауға бағытталған 20 кабинет аштық. Жаңа оқу жылында тағы да осыншама кабинет ашылатын болады.

Аутизмге және басқа да ментальді ауытқушылықтарга шалдыққан 250 бала күн сайын мектепке бару мүмкіндігіне ие болды. 1200-ге жуық отбасыға кеңес берілді. 800-ден астам маман арнайы оқудан өтті. Қолданыстағы заңнамаға 60-тан астам өзгеріс енгізілді.

Біздің бастамаларымызға қолдау білдірген барлық азаматтарға үлкен алғыс айтамыз. Тек бірігіп қана біз елімізді одан арi дамыта аламыз! , - деп жазды Байбек ресми парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795477-bajbek-ajdaj-slu-zbajy-zne-balalaryn-ertip-kinoteatrga-bardy-foto/

pixel