jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

21 мың теңге жәрдемақыға құжат тапсырған бес балалы ана күлкіге қарық болды

: UGC

Алматылық бес балалы келіншек 21 мың теңгеден берілетін атаулы көмекке ілікпегенін айтады. Өзін Мереке деп таныстырған ол үйіне тексеруге келген қызметкерлердің күлкілі әрекеттерін еске алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: Pinterest
Фото: Pinterest: Twitter

Мереке жұбайымен бірге бес бала тәрбиелеп, өсіріп отыр. Жұбайы да, өзі де жұмыс істейді. Әр балаға 21 мың теңгеден берілетін жәрдемақыға ілігуден олар да үміттеніпті. Көпшілікпен бірге құжат жинап, қажетті анықтамаларды құзырлы органдарға тапсырады. Кейін олар келіншектің үйін тексеруге келіп, күлкіге әбден қарық қылған.

«Біз қарапайым ғана отбасымыз. Өзім зертханада, жолдасым көлік жөндейтін жерде жұмыс істейміз. Атаулы көмекке құжат тапсырғаннан кейін, құзырлы органдар үйімізді, хал-жағдайымызды тексеріп келді. Бір қызығы, тексерушілер қай жерден қате тапсақ деген оймен жүрген сияқты. Біздің екі бөлмелі пәтеріміз бар.
Олар үйдің өзіміздікі екенін естіген бойда, жәрдемақыны ұмытуға кеңес берді. «Пәтерлерің бар, екеуің де жұмыс істеп отырсыңдар. Оның үстіне, үйлеріңе тұсқағаз жабыстырылып, жиһаз қойылған. Кілемдерің де жаман емес, қымбат кілем. Балаларыңды асырауға жағдайларың жетеді», деді. Осыдан соң жолдасым екеуміз күлкімізді көпке дейін тыя алмадық», - дейді Мереке.

Бес балалы келіншек жақында алтыншы баласын көтерген. Алайда, ол сәбиді алып тастауды ұйғарыпты.

«Сол бес баланы жеткізіп алсақ деймін. Құдайға шүкір, жұрттан нан сұрап отырған жоқпыз. Біреуден ілгері, біреуден кейін өмір сүріп жатырмыз. Мемлекеттің 21 мың теңгесіне таласымыз жоқ. Тек бес баламыз болғасын, несібесіне орай бұйырар дегенбіз.
Бір түсінгенім, аталған жәрдемақыны алу үшін үшін жылап-еңіреп, азып-тозып, күн көре алмай отыру керек сияқты. Сонда ғана беріп қалатын шығар. Әйтеуір, үйлеріңде кілем бар, тұсқағаз бар дегендері миыма сыймады. Бізді құдды бір бай адамдардың қатарына қосып кетті», - дейді келіншек.

Сөз соңында Мереке баланы ел үшін емес, өзі үшін туғанын айтып, күш-қуаты барда ұл-қызын асырайтынын жеткізді.

21 мың теңге жәрдемақыға құжат тапсырған бес балалы ана күлкіге қарық болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.