jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Алматыға келген шетелдік қонақ әуежайдан орталыққа жету үшін таксиге 26 мың төлеген

: Instagram

Алматы тұрғыны шетелден келген танысы әуежайдан қала орталығына дейін таксиге 26 мың теңге бергенін айтып берді. Оқиға 2019 жылдың 26 мамыр күні болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Сіздерге шетелден келген қонағыммен болған оқиғаны айтқым келіп тұр. Ол Өзбекстаннан ұшып келіп, әуежайдан Минина көшесіне (Орталық стадион жақта) жету үшін такси қызметіне жүгінген.
Діттеген жеріне келіп, жол ақысын төлемек болғанда оған аспандағы бағаны 26 мың теңгені көрсеткен", - дейді қала тұрғыны.

Оның пікірінше, такси бағасы өте жоғары болып табылады. Сондай-ақ, алматылық ару жүргізуші жолаушының қазақстандық емес екенін біліп, қосымша ақша өндіріп алғанына сенімді екенін жеткізді.

Қала тұрғыны шетелдік қонаққа жол ақысы көрсетілген түбіртек берілгенін, онда такси тұрағының атауы да көрсетілгенін алға тартты.

Алайда сайтта тұрған нөмірді ешкім көтермейтінін атап өтті.

Түбіртек. Фото: жеке мұрағат
Түбіртек. Фото: жеке мұрағат: UGC

Алматыға келген шетелдік қонақ әуежайдан орталыққа жету үшін таксиге 26 мың төлеген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.