Шымкенттіктер ұйымдастырған азық-түлік жәрмеңкесінде астаналықтар сағаттап кезекте тұрды (фото)
Опубликовано:
Нұр-Сұлтанда кешелі бері жыл сайын ұйымдастырылатын облыстардың азық-түлік жәрмеңкесі өтуде. Маусымның 1-інен бастау алған игі бастаманы Түркістан облысы бастап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/fd8cbbaf62cd3f6b_w.jpeg)
Таңғы 9-дан басталған жәрмеңкеге келушілердің санында шек болмады.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/641e7877886f0cd6_w.jpeg)
Олар түрлі азық-түлік өнімдерін алу үшін кезекке тұрды.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/fd8cbbaf62cd3f6b_w.jpeg)
Азық-түлік жәрмеңкесін Түркістан облысы ұйымдастырып жатқандықтан, онда әдеттегідей жеміс-жидек, көкөніс өнімдері көп болды.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/506276db09b04db9_w.jpeg)
Айта кетерлігі, азық-түлік жәрмеңкесіне облыстың басты аудандарының барлығы дерлік қатысқан. Олардың арасында әсіресе Төле би, Сарыағаш сияқты өңірдегі ірі аудандардың ұсынған азық-түлік өнімдері көп болды.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/4d7d725e96b33630_w.jpeg)
"Бағалар қолжетімді. Бәрі бар, қала адамдарына ауылдың таза өнімін сатып алатын таптырмас мүмкіндік деп ойлаймын. Жаз бойы келесі облыстардың да жәрмеңкелерін асыға күтетін боламыз", - дейді қала тұрғындары.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/1b44e5d77dab0d8a_w.jpeg)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797268-symkenttikter-jymdastyrgan-azyk-tlik-zrmekesinde-astanalyktar-sagattap-kezekte-trdy-foto/