Әкімдік тарапынан ұмытылған ардагер ақыр соңында сыйлығына қол жеткізді
Опубликовано:
Шымкент әкімдігінің шенеуніктері 9 мамырда құттықталмай қалған ҰОС ардагері Ғани Ергешевке сыйлығын табыстады деп хабарлайды Оtyrar.kz сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде қария жайлы жарияланғаннан кейін әкімдік өкілдері ардагердің үйіне қонаққа келген.
Соғыс ардагерінен кешірім сұраған шенеуніктер оған теледидар табыстады. Сондай-ақ үйін жөндеп беруді уәде еткен.
Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын соғыс ардагерінің немересі атасының қала әкіміне ренжіп жүргенін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797964-kimdik-tarapynan-mytylgan-ardager-akyr-soynda-syjlygyna-kol-zetkizdi/