Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"9 мамырда тағы да ұмытып кетті": Шымкент әкімі соғыс ардагерін ренжітіп алды

Опубликовано:

96 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Ғани Ергешев 9 мамырда шенеуніктердің сыйлығынан қағылғанына өкпелі. Қарияның немересінің сөзінше, ардагер өзін қоярға жер таппай, үнемі жылай береді екен. Бұл туралы Vera.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"9 мамырда тағы да ұмытып кетті": Шымкент әкімі соғыс ардагерін ренжітіп алды
Ғани Ергешев Фото: vera.kz: UGC

Ардагердің немересі Рано Ергешеваның сөзінше, олар 9 мамырдан бері атасын тынышталдыра алмай жүр екен.

"9 мамырдан бері оны тағы да бәрі ұмытып кеткеніне қамығып, жылап жүр", - дейді Рано.

Әйел адамның айтуынша, 3 мамыр күні қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мерекелік дастархан жайып, ардагерлерге 252 мың теңге мен сыйлықтар беруді уәде еткен, алайда ардагер сыйлықты әлі күнге дейін алмаған.

"Содан бері әкімдіктен біреулер келіп, үйді жөндеп беруді уәде етіп, кетіп қалды. 9 мамыр күні ешкім келіп құттықтаған жоқ. Ал сол күні кешкісін атам басқа ардагерді құттықтап, оған теледидар сыйлағандарын білді. Содан бер ұйқысы қашып, тағы да оны ұмытып кеткендеріне ренжіп жүр", - деді ардагердің немересі.

Қария 12 мамыр күні - туған күніне де сыйлық ала алмапты.

Немересі әкімдіктен жағдайды өз бетінше сұрауға тырысқан, алайда одан еш нәтиже шықпаған.

Ал журналистердің сауалына әкімдік сыйлық міндетті түрде берілетінін, бірақ біраз күту керегін хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Сталинград шайқасына қатысқан Ғани Ергешев ардагер мәртебесін 70 жылдан кейін алған. Себебі жас жауынгер басынан жарақат алып, ессіз жатқанда оның әскери билетін белгісіз біреулер алып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797559-9-mamyrda-tagy-da-mytyp-ketti-symkent-kimi-sogys-ardagerin-renzitip-aldy/

pixel