Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында үш ұлын жалғыз тәрбиелеп отырған анаға үй сыйлады

Опубликовано:

Түркістан облысы Шардара ауданында Ораза айт күні қайырымды жандар жалғызбасты анаға үй сыйлады. Қауысбек Тұрысбеков ауылындағы мешітте айт намазы оқылып болған соң көпшілік сауапты тірлікке куә болды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ.

шардара
Фото: Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі: Twitter

Ауыл имамы Смат Әбдірамановтың мәлімдеуінше, ауылдан құрылған «Шағалалы Шардара» қайырымдылық қоры мен мешіт жамағаты бірлесе отырып, үш балалы жалғызбасты ана Меруерт Сағадиеваға үш бөлмелі пәтердің кілтін сыйлады.

Үш ұлдың анасы Меруерт перзенттерімен бірге бұған дейін жалдамалы үйде тұрған. Үлкені Нұр-Сұлтан қаласында медициналық колледжде мемлекеттік грантпен оқиды. Екінші ұлы Шардарадағы колледжде дәнекерлеуші мамандығын меңгеруде. Кенжесі мектеп оқушысы.

шардара
Фото: Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі: Getty Images
"Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының  «Алтын ұям» кіші жобасы аясында бүгінгі қасиетті айт намазы күні ауыл мешітінің жамағаты мен «Шағалалы Шардара» қайырымдылық қорының демеушілігі арқасында  осы ауылдың тұрғыны Меруерт Сағадиеваға жаңа үйдің кілтін тапсырып жатыр. Демеушілік жасап отырған азаматтарға, «Шағалалы Шардара» қайырымдылық қорының ұйымдастырушыларына көпшілік атынан алғысымды айтамыз, сіздерге Алла разы болсын," - деді Айт намазына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев.

Демеушілер сатып әперген үйдің лентасы қиылып, шашу шашылған соң ауыл ақсақалдары бата берді.

шардара
Фото: Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі: Getty Images

Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қуанышбайұлы аудан әкімінің атынан баспаналы болған отбасыға сыйлық табыстаса, ауыл имамы Смат Әбдіраманов та мешіт ұжымының атынан көрімдік берді.

"Соңғы бірер айда осыған дейін аудан бойынша көпбалалы үш отбасыға аудан әкімдігі және демеушілер есебінен баспана берілген болатын. Мұндай игі тірліктер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек", - деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797983-trkistan-oblysynda-s-lyn-zalgyz-trbielep-otyrgan-anaga-j-syjlady/

pixel