Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҚазТрансГаз" Шымкенттегі жарылысқа қатысты жауап берді

Опубликовано:

"ҚазТрансГаз" АҚ Шымкенттегі жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады. Компания жарылыс болған газ құю стансалары мен ондағы жабдықтардың өздеріне еш қатысы жоқ екенін жеткізді. Анықталғандай, ол жеке кәсіпкерлік субъектісі және оның қожайындары сығымдалған газ сатумен айналысқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Getty Images

Өрт ошағын ауыздықтау үшін бір сағаттан астам уақыт кетті, оның барысында Шымкент ТЖД тиесілі 21 техника мен 90 адам жұмылдырылды.

Бұл - соңғы екі тәулік ішінде болған газ толтыру стансаларындағы екінші жарылыс.

Естеріңізге сала кетсек, 5 маусымда «Қызылорда Газ» ЖШС газ толтыру стансасында автобусқа газ құю кезінде жарылыс болды. Ол кезде өрт болмады, бір адам зардап шекті.

Осы оқиғаларға байланысты газ және газбен жабдықтау саласындағы Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ көптеген сауалдар келіп түсті. Компанияның баспасөз қызметі жарылған газ құю стансалары мен ондағы жабдықтардың компанияға еш қатысы жоқ екенін алға тартты.

Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, олардың бәрі жеке кәсіпкерлердің меншігі. Сол себепті стансалардың қызметін және олардың жабдықтарын төтенше жағдайлар комитеті бақылайды.

Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер кеше өткен баспасөз мәслихатында көлікке газ құятын стансаларда заңбұзушылықтар бар болғанымен, оларға комитет әсер ете алмайтынын түсіндірді. Оған мараторийдің жариялануы себеп болған.

Техника қауіпсіздігіне сай, сығымдалған газ толтырылған цистерналардың барлығы жер астына көмілуі тиіс. Олай болмаған жағдайда, күннің ыстығында жарылыс ықтималдығы бірнеше есе өседі.

Алайда, осындай қауіпке қарамастан, көлікке газ құятын стансалардың қожайындары қауіпсіздік талаптарын орындамай келеді.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент маңында газ цистерналары жарылып, алапат өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз. Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798345-kaztransgaz-symkenttegi-zarylyska-katysty-mlimdeme-zasady/

pixel