Шымкенттегі жарылыс салдарынан 3 адам зардап шекті
Опубликовано:
Шымкенттегі жарылыс кезінде үш адам жарақат алған. Олардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1999 жылғы жігіт қазіргі уақытта гипербарикалық оттектеу орталығының реанимация бөлімінде жатыр.
"Жас жігіт түсті. Қазір ол жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер тексеру жүргізді. Қазіргі уақытта барлық қажетті көмек көрсетілуде", - деп түсіндірді ведомство.
Оқиға орнында өрт сөндіру қызметкерлері, жедел жәрдем мамандары қызмет етуде.
Еске сала кетсек, бүгін, 7 маусымда Шымкент маңында газ цистерналары жарылып, алапат өрт шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1798317-symkenttegi-zarylys-saldarynan-3-adam-zardap-sekti/