Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Генадий Головкин канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңді

Опубликовано:

Бұрынғы әлем чемпионы Генадий Головкин канадалық боксшы Стив Роллспен кездесіп, жекпе-жектің төртінші раундында қарсыласын нокаутпен жеңді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: mmacore.tv, astana1life.com
Фото: mmacore.tv, astana1life.com: UGC

Көптен күткен кезедсу Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өтті.

Қазақстандық боксшы жекпе-жектің төртінші раундында Роллсқа бірнеше ауыр соққыларын дарытып, нокаутқа жіберді.

Айта кетейік, Головкин кәсіби бокстағы 39-шы жеңісіне қол жеткізді.

Бокс кешінде қазақстандық Бақтияр Эюбов пен Али Ахмедов өнер көрсетті.

Өкінішке орай, Эюбов төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды.

Ал Әли Ахмедов кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады. Ол үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.

Головкин жекпе-жегіне дейін тегін билет таратып, жанкүйерлерін қуантты.

Ол бокстан біршама уақыт тыс қалғанын, бірақ анағұрлым мықты, анағұрлық ақылды болып оралғанын жария етті.

Боксшы Флойд Мэйвезермен жұдырықтасуды армандайтынын да мәлім етті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Головкин-Роллс жекпе-жегі тоғызыншы мамыр күні өтетінін хабарлаған болатынбыз.

Қазақстандағы сайлау күнімен тұспа-тұс келетін отандасымыздың кездесуі Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскелері тікелей эфирде көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798509-genadij-golovkin-kanadalyk-stiv-rollsty-nokautpen-zedi/

pixel