Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысындағы инкассаторлардың өлімі: Тағы бір күдікті ұсталды

Опубликовано:

Түркістан облысында инкассаторларды өліміне күдіктінің танысы да қамауға алынды. Ол қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен жауапкершілікке тартылып жатыр деп хабарлайды Астана арнасы.

Көрнекі фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Көрнекі фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Depositphotos

Айта кетейік, Қазпошта АҚ-на қарасты Арыс аудандық бөлімшесінің ақша тарататуға шыққан екі қызметкері жұма күні кісі қолынан қаза тапқан болатын.

Сол күні Қазпошта мекемесінің басшысы үш ауылға ақша тартуға шыққан қызметкерлерінің түстен бері хабарсыз кеткенін айтып, арызданған. Шұғыл іске кіріскен полиция инкассаторлар мінген көлікті қаладан үш шақырымдай қашықтықтан, ал басына оқ тиген олардың денелері 35 шақырым жерден тауып алған болатын.

Кейін екі инкассатордың өліміне күдікті ретінде 1981 жылы туған Қазпошта мекемесінде жұмыс істейтін өздерінің әріптесі ұсталды. Одан айғақты зат ретінде шолақ мылтық және ақша тәркіленген.

10 маусымда бұл іске қатысты екінші адам қамауға алынды. Ол күдіктінің ұрланған ақша мен қаруды жасырған танысы деп хабарлайды телеарна.

"Ол жергілікті тұрғын. Арыс АПБ-де ҚР ҚК 434 бабы бойынша "Қылмыс туралы хабарламау" және 287 бабы бойынша "Қаруды заңсыз сақтау" баптары бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті азамат қамауға алынды. Бірнеше сараптамалар тағайындалған. Болған оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады", - дейді Түркістан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Есе сала кетейік, қарақшылық шабуыл жасалған инкассаторлық көлікте 7,5 млн теңге ақша болған. Ол Қожатоғай ауылы тұрғындарының зейнетақысы мен жәрдемақысы дейді қазпошта басшылығы.

"Қазпочта" АҚ ОҚО филиалының директоры Бақытжан Ысқақтың айтуынша, басқа қаржы жіберіп, зейнеткерлердің ақшасының бәрін таратқан.

Ал инкассацияның қауіпсіздік шаралары өздерінің филиалына қарамайтынын, бөлек филиалға қарайтынын айтады.

Телеарнаның хабарлауынша, инкассаторларға тікелей жауапты мекеме өкілдерінен қандай да бір мәлімет алу мүмкін болмаған.

Ақша таситын көлікте қауіпсіздік талаптары сақталған ба? Инкассаторлар қаруланған ба? Бұл сұрақтардың әзірге басы ашық қалып тұр деп атап өтті телеарна.

А. Төребекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798954-trkistan-oblysyndagy-inkassatorlardy-limi-tagy-bir-kdikti-staldy/

pixel