Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы Ринат Зайытовтың не үшін ұсталғанын түсіндірді

Опубликовано:

Алматы қаласының полиция департаменті танымал айтыскер Ринат Зайытовтың не себепті тұтқындалғанын түсіндірді деп хабарлайды қалалық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы полициясы Ринат Зайытов не үшін құрықталғанын түсіндірді
Фото: Видеодан скриншот Коллаж:KAZ.NUR.KZ: Facebook
"Азамат Ринат Зайытовты Алматы қаласының Алатау ауданында өткен санкцияланбаған ереуілге қатысқаны үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Түсіндірме жұмыстары жүргізілгеннен кейін азамат Зайытов Р. үйіне жіберілді", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің өкілдері.

Біраз уақыт өткеннен кейін Полиция департаментінің ғимаратының алдында Зайытовпен кездесуді қалаған адамдар жиналды. Олар оның үйіне жіберілгенін білсе де, тарағылары келмеді.

"Жиналған азаматтардың әрекеттері жаппай тәртіпсіздікке ұласу мүмкіндігі бар екенін түсініп, азамат Зайытов тәртіп сақшыларының талабы бойынша жиналған жұрттың алдына жеткізіліп, заңды бұзбай, құқық қорғау органдарының талаптарын орындау керегін айтып, сөз сөйледі", - деп түсіндірді полиция департаментінде.

Аталмыш факті прокуратураның бақылауында.

Полиция департаменті бұдан бұрын Заитов үйінен бірнеше видео түсіріп, идеялық жақтастарына жолдағанын еске салды.

"Құрметті бауырларым, алматылықтар. Уайымдайтындай ештеңе болып жатқан жоқ. Сондықтан үйлеріңізге қайтыңыздар. Ешбір қазақтың бір тамшы қанын мойныма алғым келмейді. Ешкімге реніш жоқ, өкпе жоқ. Бұйыртса, міне, үйге қайтайын деп жатырмын. Сіздер де үйлеріңізге қайтыңыздар, ағайын", - деді ол видео үндеуінде.

Еске сала кетейік, Алматыда белгілі айтыскер Ринат Зайытов 10 маусым күні ұсталып, кешке жіберілді. Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798973-almaty-policiasy-rinat-zajytov-ne-sin-stalganyn-tsindirdi/

pixel