Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда ойын алаңында көз жұмған қыз балаға қатысты жаңа деректер шықты

Опубликовано:

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері ойын алаңында қайтыс болған 7 жасар қыздың өлімінің алдын ала себебін жариялады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Ведомство мәліметінше, 11 маусымда сағат 18:22-де жедел жәрдем қызметіне ойнап жүрген балалардың бірі құлағаны туралы қоңырау келіп түскен. Дәрігерлер оқиға орнына 11 минутта жеткенін атап өтті.

Олар ойын аймағында клиникалық өлім белгілері бар 2012 жылы туған бала табылғанын жеткізді.

"Дереу реанимациялық шаралар қабылданды. Өкінішке қарай, өткізілген іс-шаралар нәтиже бермеді. Биологиялық өлім анықталды. Себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бүгінгі таңда алдын ала деректер бойынша өлім себебі - тыныс алу жолдарының асфиксиясы екенін мәлімдейміз", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының міндетін атқарушы Гамаль Тоқсанбаев.

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, сауда үйіндегі ойын аймағы мен аттракциондар барлық нормаларға сай.

Олар жәке кәсіпкер тарапынан ешқандай заңбұзушылық болмағанын алға тартты.

Сауда үйінің әкімшісінің сөзінше, олар баланың өмірін құтқаруға барынша тырысқан.

 "Иә, шынымен де бала біздің аттракционда болды. Қыз бала әткеншекте ойнап жүрген еді. Бұл әткеншектер биік емес және төменгі жағында қауіпсіз жабын төселген. Оны үлкен әпкесі ойнатып отырған. Содан кейін қыз есінен танып құлады. Әпкесі айқайлап, көмекке шақыра бастады.
Бірден қызметкерлер де, баланың анасы да жүгіріп барып, алғашқы медициналық көмек көрсете бастады. Осы уақытта біз "жедел жәрдемді" шақырдық. Жедел жәрдем келгенге дейін қыз балаға жасанды тыныс алу шараларын жасадық", - дейді сауда үйінің әкімшісі.

Еске сала кетсек, Қарағандыда сауда үйінің территориясында 7 жасар бала мерт болғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799291-karagandyda-ojyn-alaynda-kz-zmgan-kyz-balaga-katysty-zaa-derekter-sykty/

pixel