Қарағандыда сауда үйінің территориясында 7 жасар бала мерт болды
Опубликовано:
Қарағанды қаласында 7 жасар бала әткеншектен құлап, көз жұмды. Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары басталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы жағдай 11 маусымда қаладағы сауда үйлерінің біріндегі ойын алаңында болған.
"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 306-бабы 3-бөлімі "адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету" бойынша қылмыстық іс тіркелді", - деп хабардар етті Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, аталмыш нысанды пайдалану жөніндегі құжаттама алынуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799143-karagandyda-sauda-jlerini-birindegi-ojyn-alaynda-7-zasar-bala-kz-zmdy/