Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда сұлулық салонында істейтін келіншек өлі күйінде табылды

Опубликовано:

Алматы облысында полицейлер сұлулық салонының қызметкері Батура Гадированың із-түзсіз кетуіне қатысуы болуы мүмкін екі адамды ұстады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Кадр КТК арнасынан
Кадр КТК арнасынан: Depositphotos

Еске сала кетейік, Батура Мамедова (Гадирова) Алматыдағы сұлулық салондарының бірінде косметолог болып жұмыс істеген. Екі баланың анасы 27 мамыр күні Алматы облысы Іле ауданындағы үйіне қайтып келе жатып, ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Қызының хабарсыз кеткеніне алаңдаған туыстары полицияға арызданған еді.

Алматы облысының полицейлері әйел адамның барлық жүрген жолын қарап шығып, келіншектің жоғалуына қатысы болуы мүмкін ерлі-зайыптыларды ұстаған.

"Бірнеше нұсқа қарастырылды. Олардың бірі әйел адамның тонауға тап болуы. Тонаушылық пен іздеудегі жанның өліміне күдікті ретінде ер мен әйел адам тұтқындалғаннан кейін бұл нұсқа расталды. Олар қазір ұсталып, қамауға алынды", - деп атап өтті Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомство күдіктілер жоғалған келіншектің көмілген жерін көрсеткенін де атап өтті.

Қазір аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, қажетті сараптамалар тағайындалған.

Сонымен қатар полиция күдікті ерлі-зайыптылар Алматыдан екенін, олардың азаматтық некеде тұрғанын және екеуінің де жасы 27 екенін қоса кетті. Жұптар көлікті жалға алып, такси қызметімен айалысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799865-almatyda-slulyk-salonynda-istejtin-kelinsek-li-kjinde-tabyldy/

pixel