Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Құдайберген Исатай Әлібаевқа тіл тигізген батыр сымақтарға жауап берді

Опубликовано:

Қазақстандық миллионер Қайрат Құдайберген Арыстағы жарылыс кезінде ата-анасына арнап видео түсірген әскери қызметкер Исатай Әлібаевпен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кәсіпкер әскеримен бірге түскен суретін Instagram парақшасында жариялады. Постында ол әскери қызметкерді батыр санайтынын жазды.

"Біреулер оны сөгіп, қыз сияқты жылағанын айтып жатыр. Бірақ сіздер ол жерде болмадыңыздар, Арыста болған сұмдықты көрмедіңіздер. Сіздер сөз жүзінде ғана мықтысыздар "диванда отырған батырлар", - деп жазды Құдайберген.

Ол тек Әлібаевпен ғана емес, жарылыстан жапа шеккендерге көмектесуге атсалысқан Лаура есімді бойжеткенмен де жолыққан.

"Ол менің көзім, құлағым, жұртқа көмектесуге атсалысқан көмекшім болды. Бауырларыммен бірге барлық жағдайда көмектесті", - деп жазды кәсіпкер.

Оның сөзінше, Лаура екеуі эвакуацияланған адамдарға азық-түлік, киім-кешек, дәрі, күнделікті тұтынатын заттар алып, оларды орналастыру орындарына апарып таратқан.

Сондай-ақ Құдайберген бұл жағдайға бей-жай ара қарамаған оқырмандарына алғысын білдірді.

Бизнесменнің сөзінше, өзге де кәсіпкерлер зардап шеккендерге көмек ретінде қомақты ақша бөлуге ниет білдірген.

"Маған кеңпейілді, адал жандар телефон соғып, ірі көлемде ақша аударуға ниет білдірді. Олар: "Сені білеміз, саған сенеміз" деп айтты", - дейді кәсіпкер.

Алайда Қайрат басқалардың ақшасын алмауға бел буған. Себебі зардап шеккендерге көмектесуде жүйелі әрекеттері мен тәжірибесі жоқ. Бірақ кәсіпкер болашақта қайырылымдылық қорын ашуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Сөзін қортындылаған Қайрат Құдайберген бір ауыздан біріккен қазақстандықтарға тағы да алғысын білдірді.

"Біздің күшіміз ынтымақта. Бірлік бар жерде, тірлік те болады, ағайын", - деп сөзін түйіндеді Қайрат Құдайберген.

Еске сала кетейік, 24-ші маусымда Арыста бірнеше жойқын жарылыс орын алып, қала тұрғындары шаһардан жаппай көшірілген еді.

Жарылыс салдарынан үш адам көз жұмғаны белгілі болды.

Желіде оқиға кезінде ата-анасын жақсы көретінін айтып, эмоцияға берілген әскеридің видеосы тарап, қызу талқыға түсті.

Кейін Исатай Әлібаев өз әрекетін түсіндіріп, мән-жайды баяндады.

Әскери қызметкерге қатысты Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев та пікір білдіріп, өз ойымен бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801701-kajrat-kdajbergen-isataj-libaevka-til-tigizgen-batyr-symaktarga-zauap-berdi-foto-video/

pixel