Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шымкенттің көмегі керек емес": Шерушілер жаңа талаптарын алға тартты

Опубликовано:

Шымкенттегі шерушілердің саны айтарлықтай азая бастады. Алайда, қала көшелерінде талап-арыздарын айқайлап айтып жатқан адамдар әлі де бар. Олардың кейбірі енді Дариға Назарбаевамен кездесуді талап етуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Арыс тұрғындары қала көшелеріндегі митингін тоқтатар емес. Біреулер Шымкент пен Түркістаннан үй беруді талап етіп жатса, тағы бірі парламент Сенатының төрайымымен кездесуді қалайтынын айтуда.

"Мен Дариға Назарбаева келіп, бізге үй мен пәтер бергенін қалаймын. Бізге Шымкенттің көмегі керек жоқ. Не үшін қажет ол? Маған осы жерден пәтер алып берсін" , - деді ашуға булыққан тұрғындардың бірі.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Арыстағы жарылыстан зардап шеккен халық қалаға қайта оралуға қорқатынын жеткізді. Олар елді мекенде радиация бар деп қауіптеніп отыр.

"Мен бұл жерге заң бұзып, әйнектерді шағуға шыққан жоқпын. Мен біз нені күтуіміз керек екенін білгім келіп тұр" , - деді шерушілердің бірі.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Арыс пен Шымкент қариялары шеруге шыққандарға тарқауын өтініп жатыр. Қазіргі таңда, алаңға келген көпшіліктің саны азайып түсті.

Әл-Фараби алаңындағы автокөліктер қозғалысы ашылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802003-bizge-symkentti-kmegi-kerek-zok-serusiler-zaa-talaptaryn-alga-tartty/

pixel