jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Ақтөбеде үсік шалған аяғын өзі кесіп, шірітіп алған қарияға көршілері көмектесті

: Instagram

Аяғы әбден шіріп кеткен 60 жастағы Валерий Коваленков өздігінен жүруден қалған. Бейбіт заманда адам шошырлық күйге түскен қарияның жағдайынан жан түршігеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Ол Ақтөбе қаласындағы  апаттық жағдайда тұрған жатақханалардың бірінде жалғыз тұрып келген. Қыста үйінде жылу болмай, аяғын үсіріп алған ақсақал  дәрігерге де қаралмаған. Үсіген аяқтары кейін жараға айналып, шіріп, тіпті, құрттап кеткен. Кейін жарасын өзі кесіп, оны дәрігерге де қаратпаған.

"Балдаққа әрең сүйенеді. Өздігінен жүре алмайды. Бұл кісінің қалада тұратын қыздары бар. Әкелерінің жағдайын сұрап бір келмейді. Ішімдік ішкенін көрген жоқпыз. Бірақ денсаулығы болмаған соң азып кетті. Үлкен дәретті де, кіші дәретті де бөлмесінде сындыра береді. Біз барлық жерге хабар бердік. Ол адам бір жыл суға түспеген. Аяғы шіріп кеткен. Үйде отырып тамақ та іше алмаймыз",-дейді көршісі Алмагүл Әбентаева.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Көршілерінің айтуынша, қарияның үйінде ақша төленбегендіктен жылуды ажыратып тастаған. Қария өткен жылдың қысында үйінде жатып аяғын үсіріп алған. Қазір өлместің күйін кешіп жүр.

"Қарғалы селосы Картов көшесінде жалғыз тұратын 60 жастағы Валерий Ковалинковке көмек көрсетілді. Бес жыл бұрын әйелімен ажырасқан. 38 және 32 жастағы екі қызы бар. Барлық құжаты кіші қызында. Ер адам бұрын бұрғылау орындарында машинист болып жасаған.
Осыған дейін өз пәтерінде тұрып келген. Ішімдік ішпейді. 2018 жылы екі аяғын үсіріп алған. Ер адам медициналық көмекке жүгінбеген. Аяғының үскен бармақтарын тұрмыстық жағдайда өзі кескен",-дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мақпал Тұрмағамбетова.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Осылайша тұрғындардың дабыл қағуымен қазіргі уақытта  қарияны қиын жағдайда қалғандарға арналған әлеуметтік орталыққа жіберген.

Ақтөбеде үсік шалған аяғын өзі кесіп, шірітіп алған қарияға көршілері көмектесті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.