jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Ливан мен Иордания билігі Теңіздегі оқиғаға қатысты пікір білдірді

мужчины в касках
Фото куәгерлерден келіп түсті: Depositphotos

Ливандық жігіттің қазақ қызымен түскен суреті желіде тарағаннан кейін Атырау облысы Теңіз кен орнының қызметкерлері көтеріліске шыққан. Аталған оқиғаға қатысты Ливан мен Иордания билігі пікір білдірді деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ливандық NNA басылымы жазғандай, мемлекеттің қорғаныс министрі Ильяс Бу-Сааб өзінің қазақстандық әріптесімен ұялы телефонмен тілдескен.

Әңгіме барысында ол болған істі құп көрмей, Ливан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырып, оқиғадан кейін тиісті шараларды қолдануды талап етті.

Өз көзегінде Қазақстанның қорғаныс министрі ливандықтардың медициналық мекемелерден шығып, қауіпсіз жерге орналастырылғанын айтты.

Бұдан бөлек, Ливанның СІМ қазақстанмен, өз азаматтарымен және ТШО компаниясымен байланыс жасайтыны белгілі болды.

Дипломаттар ливандықтардың Қазақстаннан шығуы үшін қажетті құжаттарды ресімдеумен көмектесетінін айтылды.

ҚР-дағы Ливан елішісі Жискар әл-Хуридің мәліметінше, болған оқи ғадан кейін ливандықтың ешқайсысы ауыр жағдайда болмай, қамауға алынбаған. Ол Қазақстаннан ұшып кеткісі келетіндерге арнайы рейс ұйымдастырылатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Иорданияның сыртқы істер министрі Айман Сафади Twitter-де мемлекет тұрғындарының қонақүйге орналасқанын және қорғауға алынғанын айтты.

Ол елшілік қазақстандық тараппен бірлесіп қалыптасқан жағдайды бақылап, өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қадағалайтынын хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, жанжал 29 маусым күні Атырау обылысы Теңіз кен орнында болды. Ливандық қызметкердің қазақ қызымен түскен суретінен кейін жұмысшылар бұған қатысты наразылық білдірді. Олар шетелдік тұрғын.дарды қан жоса етіп сабаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұдан бұрын жанжалдан 40 адам зардап шеккені хабарланған еді. ҚР ІІМ атап өткендей, Теңіздегі жағдай бірқалыпты.

Ливан мен Иордания билігі Теңіздегі оқиғаға қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.